27 тамыз
Петр Никанорович Клешнев
туғанына 100 жыл
(1926–2016)

Петр Никанорович Клешнев 1926 жылы 27 тамызда Приморск өлкесінде дүниеге келген. 1944 жылдың қарашасында Омбы облысының Каганов аудандық әскери комиссариаты Қызыл Армия қатарына шақырылды. Алты ай оқыған соң Қызыл ту Тынық мұхит флотының құрамында торпедалық катерлерде моторист-машинист, аға руль сигналшысы болып қызмет атқарды.
Петр Никанорович Курил аралдары аймағында жапондармен шайқастарға қатысып, Манчжурияны азат еткен. Жеңісті Порт-Артурда қарсы алды. Әскери атағы – 1-дәрежелі старшина. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін Петр Никанорович ССКӨБ АҚ ТКТЖКБ-да электровоз машинисі болып еңбек етті, 1981 жылы еңбек зейнеткерлік демалысқа шықты. Бейбіт еңбегі үшін ол «Еңбек ардагері» медалін алды.
Петр Клешнев – Рудный қаласында танымал ақын. Шығармашылық тақырыптары әртүрлі, бірақ лирикалық мотивтер басым. Соғыс туралы естеліктер де бар, оның өлеңдері «Соғыссыз өмір сүріңдер, адамдар!» ұранымен жазылған.


Русский
English