Байсары Самыратұлы батырдың жерленген жері

Нысанның мерзімі: XIX ғ.

Нысанның орналасқан жері: Қамысты ауданы, Үрқаш ауылы. Байсары Самыратұлы – Кіші жүздің Жағалбайлы руынан шыққан ержүрек Маң-Ата батырдың ұрпағы. Кенесары Қасымов бастаған халық-азаттық көтеріліске қатысушылардың бірі. Жазалаушы  күштердің қуғын-сүргінінен қашып, Байсары батыр отбасымен қазіргі Қостанай облысының аумағына қоныс аударды. Бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тау басына бақылау мұнарасы орнатылды, Байсары батыр күзетшілер жасағын басқарды. Кейін бұл аймақ Жітіқара деген атқа ие болды (қазақтың «жіті қарау – қырағы қарау» тіркесінен).

Бірақ қоныс аударғаннан кейін де патша өкіметі тарапынан Жағалбайлы руын қудалау жалғасып, Байсары батыр мен оның сарбаздары өмірінің соңғы жылдарын өткізген Қарасу даласына (қазіргі Қамысты ауданы, Үрқаш ауылы) көшуге мәжбүр болды. Байсары батыр, оның ұлы Есқожа Байсарұлы және немересі Балғабай Есқожаұлының жерленген жері Үрқаш ауылының іргесіндегі көне қорымда орналасқан. 2018 жылы ол жерге ұрпақтарының бастамасымен мәрмәр тақталар мен қоршаулар орнатылды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика