Алтынсары ауданы Қарағайлы ауылында (қазіргі Шоқай атындағы ауыл) Шоқай Балқанұлының мазараты бар. Шоқай Балқанұлы (шамамен 1775-1858 жылдары) – әйгілі шешен үш жүздің биі, Жәңгір Ханның ақылшысы болды. Оның бабасы Алдияр батыр Кіші жүздің Таз руынан таралып, оның ұрпақтары бүгінде Қостанай, Қорған және т.б. облыстарда жасап жатыр.
ХІХ ғасырда Шоқай би қазақ даласына белгілі тұлға болды. Халқының сүйіспеншілігі мен құрметіне өз даналығымен, адалдығымен, шыншылдығымен, жақсы мінезімен және шешен тілділігімен жауап берді. Ол жайлы-батыр, шешен, би деп жазылды. Әскери батыр, отан қорғаушы. Ақын тілді, шешен. Би-ол ру аралық шиеленістерді шешті.Шоқай Балқанұлы-киелі әулие саналды. Оның батасы, сөзсіз орындалушы еді. Оған мыңдаған шақырым жерлерден жаңа туған нәрестеге бата сұрап, оған ат қойғызып, болашағын болжату үшін елдер ағылып келіп жататын. Шоқай Балқанұлы қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының атын қойыпты. Көптеген даулы мәселелерде ол дұрыс шешім қабылдап жүретін.
Оның шығармалары “Ел аузынан”, “Сөз тапқанға қолқа жоқ”, “Ақ бата” кітаптарында жарияланды. Шоқай Балқанұлының көптеген сөздері жазушы Қойшығара Салғариннің “Көмбе” роман эссесінде келтірілген. Ол қартайған шағында өмірден озды.
1995 жылы Шоқай Балқанұлының 220 жылдығына Шоқай әулиенің бұрыннан құрылып тұрған кесенесі ашылды, қазіргі күні ол Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтарының құрметті орынына айналған.