Өтей батырдың бейіті

Өз өлкесінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстанның тарихында үлкен рөл атқарған жарқын тұлғалардың бірі Арғын руынан шықан, туған өлкесінің және өз халқының  тәуелсіздігі үшін қалмақтарға қарсы шайқасқан Өтей батыр (шамамен 1714 – 1749 жж.) болып табылады. Қазақ  шежіресінің ауызша деректеріне сәйкес, Өтей батыр Кіші жүз (яғни Батыс Қазақстан) аумағындағы Еділ қалмақтарымен  (соңғысы жоңғарлардың бір бөлігі болып табылады) соғысқан. Қалмақтар қазақ жеріне шабуыл жасау барысында Ойыл өзеніне дейінгі аумақты басып алған кезде, қазақ жасақтарына көмекке келген, Торғай мен Тобыл өзендерінің аралығындағы туған қоныстарында қазақ жігіттерінен жиналған  жасақты Өтей батыр басқарды. Басқа деректерге сүйенсек, Өтей батыр өз қоныстарынан  Жайық өзенінің бойында (қазіргі Орал) көшіп жүрген  отандастарын қалмақтардан босату үшін батысқа қарай әскери жорыққа шыққан.  Ежелгі заманды білетін ақсақалдардың айтуынша, Өтей батырды Кіші жүз қазақтарына көмекке атақты Шақшақ батыр жіберген.

Өтей батыр бастаған қазақтар қиян-кескі шайқас барысында қалмақтарды ығыстыра бастаған, бірақ соңғылары қулық-сұмдыққа барып, қалмақ әскерінің қатарына батылдықпен барған қазақ жасағының басшысын өлтіруді шешті. Дәл сәтті басып, жау жауынгерлерінің бірі Өтей батырдың соққыдан қорғалмаған желкесіне найза салды. Бірақ батырдың сарбазы қалмақтың жауынгерін өлтіріп, өз қолбасшысының өлімінен кек алады. Ұлы батыр 35 жасында қайтыс болды.

1749 жылы өз қолбасшысы қайтыс болғаннан кейін жауынгерлер Отей батырды сол жерде жерледі және оның қабіріне оның аты мен руының аты жазылған жазба қалдырды. Содан кейін, Кіші жүздің қалмақтарын жеңгеннен кейін, билер мен батырлар қалмақтармен күрестегі ерлігі үшін батырдың құрметіне құлпытас қойды, алайда жылдар өткен соң бейіт жоғалды. Тек 2007 жылы ғана Өтей батырдың бейіті табылды, ал 2008 жылы батырдың ұрпақтары «оның ұлдарының риза ұрпақтарынан» деген жазуы бар қызыл граниттен құлпытас тұрғызды. Дәл осындай құлпытас оның тарихи отаны Қостанай облысы (бұрынғы Торғай облысы) Жанкелді ауданының Қызбел ауылында да қойылған. Отей батырдың бейіті Қарабау (қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы) жерінде орналасқан, ал оның бейіті халық арасында «Өтей қорымы – өтей бейіті» деген атқа ие болған.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика