«ІЗГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ

«Өткеннен болашаққа» алғыс айту күніне арналған ақпараттық дерекнама 1 наурыз күні сағат 14.00-де компьютерлік технологиялар бөлімінде жастар активіне (6 адам) ұсынылды, сондай-ақ «Кітап және мейірімділік» жобасы аясында Николай Валерьевич Емиленко (қамқоршысы Кононцева Алена Валерьевна) шақырылды.
Мақсаты: ортақ тарих білімінде көпұлтты Қазақстанның жадын сақтау және бірлігін дамыту. Кітапханамен дайындалған, Алғыс айту күні бекітілген жылы (2016 ж.) «Алғыс айту күні: тарих, оқиғалар, мереке» ақпараттық-дайджест негізінде және Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңес мүшесі Альберт Раудың «Казахстанская правда» (2018ж.- 28 ақпан.-7б.) газетінде жарияланған «Өткеннен болашаққа» атты мақаласынан қатысушылар, азаматтардың қазақ халқына, қазақ жеріне қиын уақытта қоныс аударушыларға көрсеткен жылуы мен қонақжайлылығы үшін алғыс білдіру ниетінің негізінде туған мерекенің тарихын білді. Ақпараттық – дерекнама кез-келген қазақстандық қатыса алатын, «Туған елге – мың алғыс!» жалпыұлттық эстафета мен Алғыс күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған мерекелік бейнечеллендж туралы мәліметтер ұсынды. Эстафета қатысушыларына қосылуға, #туған елге мың алғыс, #tuganelgemynalgys хештэгімен әлеуметтік желілерде бейне жариялауға және өз алғыс сезіміңмен бөлісуге болады.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика