Жәуке Назарғұлұлының мазары

Екідің маңынан кездесетін қазақ халқының өзге де тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасында, Жәуке батыр мазары назар аударады, ол сондай-ақ, Қостанай облысының киелі орындары картасына кірді.

Екідің арасындағы құрылыстардың көркем алқабында орналасқан мазарды, 1990-шы жылдардың ортасында ұрпақтары жабайы тастан қалаған. Аңыз бойынша батыр бұл жерде 1847 жылы жерленген.

Жәуке Назарғұлұлы (1822-1904) –торғай даласының тумасы, қазіргі Аманкелді ауданының аумағында дүниеге келген, Орта жүз, Арғын руынан. Атақты батыр, қолбасшы және Кенесары ханның  жақын серігі, ХІХ ғасырдың екінші тоқсанындағы ұлт-азаттық қозғалысының белсенді қатысушысы. 1838 жылы Жәуке батыр Ақмола бекінісін алуда белсене қатысты.  Сарбаздардың ірі жасағын басқарып, ол алғашқылардың бірі болып бекініс өңірін бұзып-жарып кірді. Ақмола  бекінісінің артынан Ақтау және Ор бекіністері құлады. Белгілі болғандай, торғайлық батырлар Иман және Жәукенің дәл айтуы бойынша, Кенесары Қасымов 1842 жылы қысты Торғайдың жоғарғы жағында өткізді. Кейінірек  Кенесары Қасымовтың  ордасы да Торғайға ауыстырылды. Мұнда Жәуке батырдың пікірі бойынша, Орта және Кіші жүздерді патшаға қарсы күреске біріктіру оңай болды.

Жәуке батырдың аты белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың «Кенесары Қасымұлы басқарған қазақ халқының ұлт-азаттық күресі» зерттеулерінде айтылады.  Жәуке батырдың жарқын бейнесі жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» роман-трилогиясында, ақын Нұрхан Ахметбековтің «Қарға» поэмасында көрсетіледі.

Аманкелді ауданының «Сарыторғай» туған ауылында өзінің атақты бабаларының 175-жылдығы құрметіне, оның ұрпақтары, өткен ғасырдың  90-жылдарының екінші жартысында, ескерткіш ғимарат орнатылды. Естелік белгісі, әскери айшықты дулыға алыстан көрінеді және жолаушыға ер жүрек батыр туралы еске салуға қызмет етеді. Мазарға жақын далада, аты аңызға айналған Жауке батырдың құрметіне салынған мешіт асқақтап тұр. Мешіт XIX ғасырдың аяғында Жәуке батырдың ұлдарының бірімен салынды.  Қызыл кірпіштен тұрғызылған  осы діни құрылысқа жүз жылдан астам уақыт өтті. Ол діндарлардың дұға оқитын жері ғана емес, бірақ ауылдық балалар үшін мектеп ретінде де қызмет етті. Мешіт жанында медресе болды, онда балаларға арабша сауат ашу және ислам негіздерін үйретті  дейді. Аудан орталығы Амангелдіде  – Иман, Жәуке, Қошқар батырларға мемориалдық – композициялық ескерткіш қойылған. Сондай-ақ, аудан орталығы Амангелдінің бір көшесі оның атымен аталған.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика