«Мы пришли к поэту в гости»

18 мамыр  Орталық  балалар кітапханасында    «Біз ақынға қонаққа келдік» жобасы аясында  №19 мектептің  6 «А» сынып оқушылары үшін  Рудныйлық  ақын  Камаладдин  Сүлейменовпен  бірге «Менің жанымның ғажайып емшісі»  атты кеш болып өтті.

Іс-шара мақсаты – біздің  қаламыздың  белгілі ақындары мен шығармашылық  адамдарын  жас ұрпаққа  таныстыру,  өлкетану  әдебиетін  насихаттау.
Камаладдин Нуралыулының  шынайы, мейірімді де дана поэзиясы  ешкімді де  бей-жай қалдырмады. Таңданулар мен  қуанулар, бұл тамаша  жанның шығармашылығымен  жақыннан  танысуға  деген  қызығушылық  өз өзінен  туындай берді.

Камаладдин  Сүлейменов өзінің  табиғат, сезім, адамдар  жайындағы  керемет   өлеңдерін жеңіл де нәзік  юмор  араластыра  отырып,  зор  тебіреніспен  оқып  берді.
Балалар  қонаққа  «өлеңдер  қалай  тез  туындайды», «бұл қалай болады», «сүйікті ақыныңыз кім» деген  сияқты түрлі  сұрақтар  қойып, қызықты  кездесу үшін  алғыстарын  айтып, шығармашылық  табыстар мен  жаңа өлеңдердің  туындауына  тілектерін  білдірді.

Кітапханада ақынмен кездесу – бұл әрқашан мереке, мұндай  әсерлер  адам  есінде  мәңгілік  сақаталып қалады. А ал кездесулер  –  балаларға  әрқашан қызық,  өйткені  ол біздің қаламыздың атақты да дарында  адамдарымен  танысуға  мүмкіндік  сыйлайды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика