«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекеттік тілдегі кітапханада №15 мектебінің 7 сынып оқушыларына арналып Қостанай облысының сакралды орындарымен таныстыру, туған өлке мен өз елінің тарихына деген құрмет туғызу, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында «Киелі жерге тағзым – ұрпаққа ұлағат» атты тарих сағаты өтті.
Оқушылар Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде маңызды орын алатын ерекше орындар туралы назар қоя тыңдады. Тарихи – мәдени мұра және ұлттық бірліктің нышанына айналған – Айша Бибі, Ыбырай Алтынсарин (ұстаз және ағартушының жерленген жеріне қойылған ескерткіш, Қостанай қаласынан 7 км қашықтықта Тобыл өзенінің оң жағалауында), Міржақып Дулатов кесенелері, Қазақстанның ірі Торғай геолглифтері және т.б. дайындалған ақпараттар беріліп, қатысушылар викториналарға белсенді түрде қатысып отырды.
Іс-шара тақырыпқа сай видео және слайдтармен сүйемелденіп, кітап көрмесі ұсынылды.
Іс-шараға 15 адам қатысты.