Ұлттық ойындар мерекесі

5 наурыз күні орталық балалар кітапханасында «Ұлттық ойындар мерекесі»  атты ұрпақтар эстафетасы ұйымдастырылды.

Мақсаты:

  • ұлттық ойындар туралы түсініктерін кеңейту;
  • оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,
  • ептілікке, шапшаңдыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші балаларға ұлттық ойындар туралы мәлімет бере отырып, ұлттық ойындарға тоқталды. Компьютер арқылы  «Жамбы ату»  ойыны  ойналды. Сонымен қатар, «Сақина салмақ» ойынында Жадыра  айыбы ретінде Ф.Оңғарсынованың «Туған жер» атты өлеңін жатқа айтып берді.

Іс-шараға Рыскүл әжей мен Маржан әжей шақырылды. Ол кісілер асық ату ойынының қыр –сыры туралы айтып, бала кезде ойнаған ойындары туралы қызықты әңгімелеп берді. Балалармен хан талапай, бес асық ойындарын ойнады.

DSC05161

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика