Ақпараттандыру көрмесі «Тоқта! Жемқорлық!»

«Тоқта! Жемқорлық! – осындай атаумен Қашар кентіндегі  «ОКЖ» ММ № 11 кітапхана филиалында 2 наурыздан тамыз айының соңына дейін жалғасатын ақпараттандыру көрмесі ұсынылып басталды.

Көрменің мақсаты – оқырмандарды жемқорлыққа қарсы шаралар жүйесімен таныстыру, жемқорлыққа қарсы негізгі мәселелермен хабардар ету, белсенді өмір салтына тәрбиелеу, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін нығайту.

Көрмеде  жемқорлыққа қарсы  әрекет ететін бағыттағы  мерзімді басылымдар мен кітаптардан алынған жемқорлыққа қарсы заң мен шаралар туралы мақалалар  ұсынылған.

Көрмеге  экспресс – шолу 2 наурыз күні өткізіліп, кітапханаға келушілер мен  оқырмандар күні бойы  біздің   қоғам үшін  аса қауіпті  қорқыныш әкелетін, мемлекет пен демократияның   дамуына кедергі жасайтын, бұқара халықтың  билік өкілдеріне деген сенімін  жоғалтатын қиын да күрделі  ақпараттарға  толы  материалдармен танысты.  Жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жүзеге асыру  биліктің барлық деңгейдегі өкілдеріне  приоритетті  тапсырма болып табылады. Бірге қол ұстасқан күйде ғана  бақытты болашақ құруға  аттанамыз,  жемқорлыққа қарсы тұру – барлық қоғам  ісі!

Аталған тақырып бойынша жаңа материалдармен  оқырмандар өз уақытында  таныс болып,  ақпараттандырылады. 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика