Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Мемлекеттік тілдегі кітапханада 1 – қазан күні «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты сазды бағдарлама өткізілді.

Іс – шараға «Кездесу» клубының мүшелерімен №13 мектептің

5 «Ә» сынып оқушылары қатысты.Кітапханамыздың қызыметкерлері қарттарға өздерінің өнерлерін ортаға салып,

жүрекжарды құттықтау сөздерін айтып, ата – әжелерінің шапағатына бөленді. Аяулы қарттарымыз балаларға өз тәлім, тағылымдарын айтып, өнеге етті.

Шүкірбай Ақназаров,Жұмабеков Үсебай аталарымыз өз шығарған өлеңдер оқып,Қуанышов Асхат, Утебаев Қыдырбек ағаларымыз добырамен әсем әуендерін шырқады.

Ән мен жырдан оқушылар  тақпақ,өлеңдер айтты. Қарттарымыз  ризашылығын білдіріп,алғыстарын айтты.

Қарттарымызға мерекелік дастарқан жайылып шай берілді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика