Балаларды қорғау күні кітапханаларда

Орталық балалар кітапханасы бірнеше жыл қатарынан қалалық мәдениет және демалыс саябағында 1 маусым күні балалар үшін үлкен мереке ұйымдастырады. Бүгінді күні бұл дәстүрге айналған.

Бұл жылы балаларға Д. Дефоның Робинзон Крузо  повестіндегі  кейіпкерлер қонаққа келді. Олармен бірге достары – аборигендер  және  пираттар болып, балалар би билеп, «Папуасский боулинг», «На смекалку без скакалки», «Делай как я» сияқты әр түрлі конкурстар мен эстафеталарға қатысты.

Мерекені  балалар кітапхана жұмысшыларымен бірге – фиксиктердің «Дрынц-Трынц,  Помогатор» биін билеп флэшмобпен аяқтады.

Бұл күні ОБК  барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй және қуанышты күлкі сыйлап, жас қатысушылардың барлығына сыйлықтар үлестірді.

«Әдеби  кемпірқосақ» кітап көрмесі түрлі түсті безендіріліп, көптеген қызықты тарихтар мен күлдіргілер ұсынылған. Одан өзге, балалар назарына керемет жазушылардың кітаптары мен ақындардың өлеңдері, балаларға арналған әңгімелер мен ертегілер, танымдық энциклопедиялар тарту етілген.

 

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында  «Кітаппен бірге әлемді ашамыз» балалар оқулары бағдарламасы аясында  Қашар кентіндегі 11 кітапхана филиалында жалпы тұрғындарға арналған мерекелік бағдарлама өткізіліп, жас оқырмандарға арналған «Хикаяттар желкенін көтеру! Поднять паруса приключений!» атты әдеби круиз ұйымдастырылды. 

Мерекеге  – белсенді оқырмандар, № 1 орта мектебінің әлеуметтік тобының балалары, оқытушылар ГомановаЗ.А., Барт В.В., Струнова Л.В. белсене  ат салысты.

Оқиға кітапханашы өзінің мерекеге алып келе жатқан тәттілер толы қобдишасын тонап кеткендігі жайында  хабарлағаннан  басталып кетті… Тонаушылар  қобдишаны қайда  жасырғандарын, және оған бару үшін көптеген қиындықтардан өту керектігі жайында жазылған  хатты  жолдаған. Балалар таңқалаларлық  саяхатқа  атттанып, интеллектуалды  сынақтар мен спорттық жарыстарды бастап кетті.

 «Чем мы похожи», «Самолетики», «Репка» ойындары өте көңілді өткізілді.

Қойманы тапқан әрбір қатысушы  бір қорап шырынға  ие болды. Оқиға мәресіне жетті! Іс шара  мақсаты – оқуға қызығушылықты арттыру.            Балалар мерекесінің демеушісі  Коваль Н.А. (магазин «Илиана»).

Leave a Reply

Яндекс.Метрика