Барақ Қарабалуанұлының кесенесі

Бүгінгі әңгімеге арқау болатын  Қостанай облысының тағы бір сакралды орындарының бірі  қазақ халқының  атақты батыры – Барақ  Қарабалуанұлының  кесенесі. Ол Сарыкөл  ауданының  Крыловка  селосынан 15 км  жерде орналасқан. Кесене бірнеше рет  қайта жөндеуден өткен. Ескі мазар  жаңғыртылып, 1996 жылдың 13 шілдесінде  қайта ашылды. Соңғы нұсқаның авторы   – Нурлан Мугаев. Кесенеде  батырдың туған жылы – 1717 жыл деген  тақтатас  қойылған.

Батыр Қарабалуанұлы Жанкелді ауданының  Алдияр  ауылында дүниеге келген. Оның  әкесі Жанұзақ батыр өзіне қарсы келгендердің  барлығын  қайсарлықпен жеңіп, халық арасында  Қарабалуан  аталып кеткен, тархан Шақшақ  Жәнібектің сарбаздарының  орталығын  басқарған. Барақ Батыр  әскербасы, қолбасы, Абылайханның серігі ретінде танылған. Барақ Қарабалуанұлы  1740 пен 1758 жылдары  туған жерді  жаулардан  қорғаған  барлық  ірі  шабуылдар мен  күрестерге қатысты.

Пугачёв көтерілісінен кейін Абылайхан Барақ батырды орындалмаған тапсырмалар  – Емелян Пугачевтың сарбаздарының алдында қолдау көрсетіп, қамалды бұзу үшін жұмсап отырды. Барақ батыр  өзіне  тапсырылған міндеттерді  мүлтіксіз орындай отырып, өзін халық алдында  ынтымақ орнатушы ретінде көрсете білді. Осыдан кейін  Барақ «әулие» атағына ие болды. Халық бұл атақты  көріпкел, атақты емші, тәуіптерге  береді.

Барақ  әулие  ауруды тамыр басып отырып  анықтап, шөптермен  және де басқа жолдармен, дұғалармен емдей білді. Емшілік пен оның әдістері оған өз анасы Төле бидің туған  жиені, халық  «емші» атап кеткен Жасқаннан қалған мұра еді.

Барақ әулиенің  көріпкелдігі алғаш рет қазақ халқына күндердің күнінде  қазақтардың байлар мен жарлылар болып екіге бөлінетін  уақыттың  жететіні  жайында  ескерткен еді. Ол халықты екі  қауіптен  сақтандырды – жарлылардың  байларға деген күндестігінен, байлардың  жарлыларды  менсінбеушілігінен. Бұл екі  қсиеттің  үлкен қасірет әкелетіндігі жайында айтты. Мұндай  көтеріліс  қоғамды  байлығынан  айырып, ашаршылық пен жаугершілікті туындататынын ұғындырды. Оның  көріпкелділігі – ХХ ғасырдың  20 – 30 жылдарында  дәлелденді, яғни  арадан бір жарым ғасыр өткен соң.

Батыр Барақ  Карабалуанұлы  XVIII ғасырдың  аяғында  дүниеден озды. Содан бері оның жерленген  жері  көптеген адамдардың  дұға жасап, жан тазартатын мекеніне  айналған. Қаншама адамдар өздерінің  ауруларынан  айығып, қиыншылықтарын  жеңіп,  табысқа  кенелу  үшін  осы  жерге үлкен сеніммен  келеді. Кесенеде  айтылған  арман тілектердің  көбісі орындалғаны  туралы  көптеген айғақтар бар.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика