«Белан оқулары»

9.11.2020. № 11 модельдік кітапхана – филиалында Қашар к. «Қайнар көзден болашаққа» жеке аймақтану жобасының аясында, Белан оқулары дәстүрлі түрде өтеді, осы жылы іс-шара сонымен қатар «Туған жер» арнайы жобасына енгізілген. Белан оқулары – бұл біздің жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығының жарқын беттері жайлы естеліктер күні. Адамдардың жадында И.М. Белан бәрінен бұрын, ұлы педагог, талантты жазушы-өлкетанушы және ақын ретінде қалады. Оның әдептілігі, жарқынжүзділігі, жігерлілігі, мейірімді жаны мен ілтипатты жүрегі қашарлықтардың көптеген ұрпақтарына үлгі болып қалады. Ол өмірде де, шығармашылығында да ешқашан өзінің азаматтық ұстанымын қорғаудан қаймақпады. Бүгін біздің сізбен бірге қайта парақтаған, бұл тамаша адамның өмір беттері мен оның қарапайым және адал кітаптарының терең шынайы жолдары, біз үшін бағдар болып қалсын! Жазушының өлеңдері мен шығармаларының үзінділері естіледі, кітапхананың ЭДБ фото және бейне құжаттары қолданылады


https://ok.ru/profile/549819350779

Leave a Reply

Яндекс.Метрика