«Елдің тарихы – халықтың тарихы»

15 желтоқсан №8 кітапханасында, «Елдің тарихы – халықтың тарихы» атты тарихи-мәдениеттікке саяхат іс – шарасы болып өтті. IMAG0166

 Іс- шара әнұранмен басталып, жүргізуші Нұрғазинаның ,тәуелсіздікке дейінгі «Өткен күндер…» аты киноүзіндісін көрсетумен, қызықты баяндамасымен, оқушылар, Баянбекова, Сыбанкулова, Махмутова, т.б. орындауындағы тәуелсіздікке арналған өлеңдерімен жалғасты. Кезекті, Махмутова мен Сыбанкулованың орындауында «Қазақ елі осындай» әніне, содан кейін, Абдурахманова, Абдільдаева, Махмутова, Сыбанкуловалардың орындауындағы халық биіне берілді.

IMAG0169

Оқушылар, Тәуелсіздік пен Президент туралы, «Менің елім» әнімен көркемделген слайдты тамашалады, «Атамекен »әні орындалды.

Н.Ә.Назарбаев армандаған болашақ Қазақстан қандай? –деген сұраққа оқушылар өз армандарын жеткізді, «Мәңгілік ел» боламыз , отыз елдің қатарында болуымыз керектігін айтты.

Іс- шара өте қызықты,оқушылардың белсенді атсалысуларымен сазды әнге толы, тағылымы мол болды.

Іс-шараға, № 19 ортамектебінің 7 «В» сыныбынан 25 оқушы қатынасты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика