Халықаралық патриоттық акция «Біз балаларға соғыс туралы оқимыз»

4 мамырда № 8 кітапхана-филиалында «Балаларға соғыс туралы оқимыз»
халықаралық патриоттық акциясы өткізілді, оған №10 мектеп-гимназиясының 4 «А»
сынып оқушылары қатысты.

Іс-шараның басында жүргізуші оқушыларды акцияның пайда болу тарихымен
таныстырды, мақсаты мен міндеттері, оны өткізу дәстүрлері туралы айтып, акцияның
эмблемасын көрсетті.

Оқушылар сол қорқынышты соғыстың жас батырларының ерліктері: барлаушы
Марат Казей, Партизан Саша Чекалин, «Жас кекшілдер» ұйымының мүшесі Зина
Портнова, жас ұшқыш Аркадий Каманин, фашистер екі рет өлтірмекші болып, ғажап
түрде аман қалған Надя Богданованың ерлігі және сол қорқынышты соғыстың басқа да
батырлары туралы үлкен қызығушылықпен тыңдады. Іс-шараның соңында жүргізуші
балаларға Лев Кассильдің «Жоқ адам туралы әңгіме» әңгімесін оқыды. Іс-шараға 23
адам қатысты.
Сондай – ақ, Жеңіс күні қарсаңында № 8 кітапхана-филиалы «Ерлікке
жүрегіңмен жанас» ашық микрофонын дайындады. Онда Ю.Ненашева, Л.
Бексейітова, В. Сизев, А. Шевченко, М. Степанова, О. Голой, А. Құлбаевалардың
орындауындағы соғыс туралы белгілі өлеңдер айтылды. Іс-шара Youtube арнасында
және «Одноклассники» әлеуметтік желісінде жарияланды
https://ok.ru/video/3582512794249
https://www.youtube.com/watch?v=VkmXKIyWaNU

Leave a Reply

Яндекс.Метрика