27 маусым күні Орталық балалар кітапханасында Ұлттық домбыра күніне арналған «Халықтың әуенді тарихы» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара мақсаты:
Қазақтың ұлттық аспабы домбыра туралы мәлімет беру. Балалардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан қазақ халқының ұлттық дәстүрінің байланысын көрсету.
Іс-шара барысында жүргізуші балаларға домбыраның шығуы туралы аңыз айтып, аспаптың ерекшелгіне тоқталды. Домбыра туралы ақпарат түрлі-түсті слайдтар арқылы көрсетіліп отырды.
С.Сейфулиннің «Домбыра» өлеңі оқылып, Құрманғазының «Адай» күйі орындалды. Әңгіме барысында балалар домбыра аспабы туралы толық мәліметтер алып, күй тыңдап, қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп отырды.
Іс-шара соңында ұлттық аспап туралы кітаптар мен мерзімді басылымдардан рәсімделген тақырыптық сөре таныстырылды. Сонымен қатар, қазақ халқының ауыз әдебиеті жинақталған «Даналық әліппесі» атты аудио кітаптан инновациялық қалам арқылы күйлер және жырлар тыңдалды.