Көрмеге шолу «Түркі әлемі: бастаудан қазіргі заманға дейін»

«Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында 23 ақпанда сағат 15.30-да мемлекеттік тілде оқытатын №1 және №2 ОМ жоғары сынып оқушыларына (12 адам) арналған оқу залында өтті. Іс – шара Қашар кентінің №11 үлгілі кітапхана-филиалында 2 тілде өтті.

Мақсаты: түркі өркениетінің тарихы мен мәдениетін, Ұлы Дала тарихы мен қазіргі түркі әлемін зерделеу жөніндегі әдебиетті насихаттау және ілгерілету.

Кездесу түркі мәдениетінің тарихына және Ұлы түркі тарихының негізгі субъектілерінің бірі ретінде Қазақ хандығының құрылу тарихына экскурсиядан басталды.Әлемдік мәдениетке зор үлес қосқан Шығыстың тұңғыш ұстазы, ұлы Әл-Фараби және философ Юсуф Баласағұни туралы «Түркі әлемі: бастаудан қазіргі заманға» мультимедиялық таныстырылым және «Өзекті әдебиет сағаты» бейне үзінділері көрсетілді.

Бұдан әрі тыңдаушылардың назарына түркі әлемінің түрлі тарихи кезеңдеріне сәйкес келетін көрме материалдары: Б.З. І мыңжылдыққа жататын түркі өркениетінің пайда болуы мен орнығуы, энциклопедист ғалымдар әл-Фараби мен Юсуф Баласағұнидің еңбектері, «Ұлы Жібек жолы» және Қазақстанның ежелгі қалалары, Қазақ хандығының ұлы есімдері ұсынылды.

Түркі өркениетінің дамуына және қазіргі түркі әлемі мемлекеттерінің бірігу процесіне үлес қосқан Қазақстанның рөлі атап өтілді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін оқушыларға көрме материалдарымен танысу ұсынылды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика