«Міне жаз да өтті…» жазғы оқулар

25.08.2022 жылы Қашар кентінің №11 қалалық үлгілі кітапхана-филиалында «Міне жаз да өтті…» атты Жазғы оқу бағдарламасының жабылуы болды. Оған жазғы оқудың ең белсенді қатысушылары мен олардың ата-аналары шақырылды.

    Мақсаты: кітап пен оқуға деген тұрақты қызығушылық және сүйіспеншілікті дамыту.

Жаз бойы кітапхана балалар мен жасөспірімдердің қарым-қатынас және демалыс орны болды. Үш  ай бойы балалар өткізіліп жатқан іс-шараларға  қызығушылығын жоғалтпай кітапханаға барды. Жазғы оқу бағдарламасының жабылуы сұрақтан басталды: сіз қалай демалдыңыз, жазда зеріккен жоқсыз ба? Балалар өз сабақтары туралы айтып, жұмбақтар шешіп, қозғалмалы ойындар ойнады, викторина сұрақтарына жауап берді.

Содан кейін кітапханашы жазғы оқулардың қорытындылары туралы айтып, өткен жылмен салыстырмалы талдау жасады, балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге ынтымақтастық үшін алғыс айтты. Одан әрі марапаттау рәсімі өткізілді. Ең белсенді оқырмандар – Илария Закон, Марусич София, Шаренков Михаил, Рак Анна, Мамбетова Софья, Санников Илья, Айдана және Әйгерім Қылышбаевалар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара барлығы бірге Кітапқа арналған әнұранның орындауымен аяқталды.

Ашылулар мен оқиғаларға толы жаз да аяқталды, бірақ біз қоштаспаймыз – ең қызықтысы әлі алда! 19 адам қатысты.Үйге 21 дана әдебиет берілді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика