«Ойын үлгісіндегі библиографиялық құралдарды үлгілеу» семинар практикумы

 

 

25 сәуір 2018 жылы Орталық балалар кітапханасының базасында «Ойын үлгісіндегі  библиографиялық  құралдарды  үлгілеу»  семинар  практикумы  өткізілді. Семинарға Рудный қаласының  ОКЖ  жұмысшылары қатысты.

Семинар мақсаты – кітапханашылардың  ұсынылатын  библиография туралы білімін жүйелеп және тұтастандыру, библиографиялық құралдардың ойын үлгісін жасаудағы кітапханашылардың   тәжірибесін талқылау, осындай құралдарды жасау бойынша тәжірибе сабағын жүргізу.

Семинар  жүргізушісі Говорова Г. Н. балалар үшін ұсынылатын  ойын үлгісіндегі  библиографиялық құралдардың не екенін айтып өтіп, жалпы  айтқанда олардың не үшін қажет екенін, олардың қалай жасалатынын, сонымен қатар басқа кітапханалардың  осындай үлгілерді қалай жасайтыны  жайында сөз етті.

№ 6 кітапхана филиалының  меңгерушісі  Епихина О. А. өз кітапханасында библиографиялық  құралдардың  ойын  үлгілері  қалай  жасалатыны жайында әңгімелеп берді.

 

Ары қарай Орталық  балалар кітапханасының  кітапханашысы  Тымпор И. Л.  Балалар кітапханасының қорындағы  қолдан жасалатын  бұйымдар туралы  кітаптар  мен  журналдарға  шолу жасады.

 

 

Келушілер  әртүрлі  кітапханаларда   көптеген  библиоойыншықтар  түрлерінің  қалай  жасалатыны  жайында  бейнефильм  тамашалады.

Семинар соңында  кітапханашылар  өз  қолдарымен  қарапайым да  оңай  библиоойыншықтардың  бірнеше  түрін  жасады.

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика