«Ондық» айтады және көрсетеді

Орталық қалалық  кітапханада 30 сәуір күні  «Жастарға жастар жайында»  жобасы бойынша  дәстүрлі  танысу сағаты  болып өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақ өкілдерін  талантты, табысты замандастарымен  таныстырып, жастардың  қызығушылығын арттыру, белсенді  өмір  ұстанымын  насихаттау.

Бұл жолы  кездесу  қонақтары  № 10 мектеп гимназиясының  оқушылары болды, «Ондық  айтады және көрсетеді»  мектеп  телевидениесінің  журналистері  Валентина Майорова, Кирилл Шорохов, Иван Лещёв, Дарья Колова, Санжар Айжаров, Анастасия Махонько.

Балалар өздерінің тәлімгер  мұғалімдері –  студия жетекшісі, қалаға  белгілі  журналист Ольга Евгеньевна Климова және  техникалық жетекші  Наталья  Алексеевна  Ефановалармен  бірге келді.

Кеш қонақтары  жүргізушінің сұрақтарына жауап бере отырып, «Ондық»  қалай өмір сүріп жатқандығы,  журанлистік мамандықты қалай меңгергенін  айтып  өтіп, шеберлік  құпияларымен  бөлісті.

Көрермендер үшін  (жас журналистермен кездесіп фотоға   түсуге  РПТК  студенттері  келді) репортажадардан  үзінді, роликтер, «Десяточка»  фильмдерге түсірілген клиптерін   көрсетті .

Leave a Reply

Яндекс.Метрика