Қоғам дамуының басты көрсеткіші оның мәдени дамуы жетістіктері. Сондықтан да, сондықтанда оның әлемдік деңгейде жариялануы маңызды. «Глобалды әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасының арқасында барлығының отандық мәдениет жетістіктерімен танысу мүмкіншіліктері бар.
ОҚК қызметшілері «Руханижаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын ұсыну аясында «Әлем мәдениеті және келісім» электронды құралын жасап шығарды. Құрал 4 бөлімнен тұрады: әдебиет, театр және кино, классикалық және дәстүрлі музыка, бейнелеу өнері.
Оның негізінде қазақстандық мәдени шығармалар және олардың авторлары жайында әдебиеттер қорда сақталған. Электронды құралмен жұмыс істей отыра кітапхана пайдаланушылары қысқа библиографиялық анықтамалармен қатар, құжатты фильмдердегі белгілі суретшілердің шығармашылығынан үзінділер тамашалап; музыкалық шығармалардан үзінділер тыңдайды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасымен ОБК «Қостанай облысының сакралды орындарына саяхат» виртуалды дилижансы өткізілді.
Құрметті қонақ Рудный қаласы әділет басқармасының бөлім меңгерушісі Абенова Г.У., «Руханижаңғыру» бағдарламасын ұсынуды әңгімеледі.
Іс-шара барысында Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК жұмысшыларының дайындаған «Қостанай облысының сакралды орындары мен нысандары» библиокартасының көмегімен оқушылар жалпы ұлттық кесенелер мен сакралды нысандарға саяхат жасады: Кейкі батыр кесенесі, Амангелді Иманов мазары, Ыбырай Алтынсарин мазары,Торғай геоглифтері, «Екідін».
Виртуалды дилижанс Қостанай облысының қасиетті орындары жайында бейнеролик және таныстырылым слайдтармен сүйемелденді, «Сакралды Қазақстан: Отанымыздың қасиетті жерлері» кітап көрмесі ұсынылды.
«Бұл жерлерде ескіліктің лебі еседі» – іс-шарасы ерекше үлгіде көрсетілді. Тарихи маршрут Қостанай облысында орналасқан 10 сакралды орынмен жүрді – Кейкі-батыр кесенесі, Әбдіғаппар Жанбосынұлы кесенесі,Аманкелді Имановтың жерленген жері, Міржақып Дулатов кесенесі, Ыбырай Алтынсарин кесенесі, Жәуке Нзарқұлұлы кесенесі,Барақ Жанұзақұлы кесенесі, Екідін ескерткіші, Қамысты елді мекені. Бұлар табиғи және мәдени мұраның ерекше атап өтілетін ескерткіштері, қазақ халқының тұрмысында құндылығы өте жоғары бағаланатын ұлттық бірлік пен жаңарудың белгісі. Іс-шара тақырыпқа сай слайдтармен сүйемелденді.
«Туғанжер» арнайы жобасы аясында интеллектуалды ойын брей – ринг «Өткеннің мұрасын сақтау» өткізілді. Іс-шара ҚР ескерткіштері туралы оқушылардың ой өрісін кеңейту мақсатында өткізілді.Сайыс екі команда арасында 7 басқышта өткізілді: «Бәйге», «Ескіліктің ізімен», «Жас эрудит», «Табиғат білгірлері», «Тарихи тұлғаны таны», «Тарихи мозайка», «Тарихи тест».Қатысушылар Қазақстан тарихы жайындағы білімдерін логика арқылы ортаға салды. Ойын тамаша көңіл күйге толы болды. Қорытындылай келе командалар марапаттаулар мен сыйлықтарға ие болды.
«Абай оқулары» сайысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Рудныйдың ОКЖ «Ұлы дала тарихы» «жобасы мектеп кітапханашылар, қазақ әдебиетінің мұғалімдері арасында қазақтың ұлы ақыны, философ, сазгер Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау мақсатында өткізілді.
Қатысушылар дайындаға Абай өлеңдері оқылды (лирика, аудармалар), Абай шығармашылығы мен өнері жайындағы музыкалық композиция көрсетілді.
Іс-шара «Абай сөздерінің сыйқыры» слайдымен және мультимедиялы таныстырылыммен,«Абай Құнанбаев» (на каз.яз, рус.яз.), «Татьянаның хаты», «Көзімнің қарасы» сүйемелденді.
Дайындаған ӘББ меңгерушісі Городничая С.В.