Сарытубек ауылы, Ахмет Байтурсыновтың туған жері

Қостанай облысының сакралды орындарының  бірі ХХ ғасырдағы  Қазақстанның саяси қоғам қайраткері, «Алаш» ұлттық партиясының  көшбасшысы, ағартушы, оқымысты-лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы Ахмет Байтурсыновтың  туылған жері . Бұл  Торғай уездінің  Ақкөл ауылының маңындағы Сарытүбек ауылы (қазіргі Жанкелді ауданының аумағы). Байтұрсыновтың  туылған үйі 50 – жылдарда  бұзылып кеткен. Оның  бұл жерде  туылғаны жайында ұзақ жылдар бойына  жапсырылған  тақтайша  ескертіп тұрды. 2010 жылы  жергілікті тұрғындар тарихи ескерткішті  мүлдем  жоғалтып  алмау үшін қыстауды  қайта  қалпына келтірді. Құрылыс кезінде үйдің  бастапқы  қалпы сақталып  қалдырылды. Жұмыс XIX ғасыр  технологиясымен жүргізілді.

Ауылдан алшақ емес жерде Байтұрсыновтар әулетінің  қорымы  бар, ол жерде  Ахмет Байтұрсыновтың әкесі және ағалары Қали мен Мәшен жерленген. Байтұрсыновтың ұрпақтары  ғалымның  әкесі мен ағалары жерленген әулеттік қорымды  қоршауды  жоспарлап отыр.

АхметБайтұрсынов — қазақтың қоғам және мемлекет қайраткері,ағартушы, оқымысты-лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы. Байтұрсынов керемет  әдебиетші, педагог, лингвист  болды. Ол қазақ хатын араб кескіндемесінің  негізінде жасап, шетелдерде  жүрген миллиондаған  қазаққа  пайдалануға  мүмкіншілік  жасады.

Ахмет Байтұрсынов қазақ жазбасына және әдебиетіне өзінің үлкен үлесін қосты.Жекелеп айтар болсақ,   «Қырық мысал» және  «Маса» жинағына енген  мысалдары кеңінен  танымал. Ол қазақтың ауыз әдебиетінің  ауызша үлгілерін жинап, оларды басып шығаруға көп еңбек жұмсады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларына  арнап  ана тілінде көптеген  оқулықтар жазып шығарды. Олардың арасында : «Оқу құралы», «Тіл құралы», «Әліппе», «Жаңа әліппе» және  «Баяншы» әдістемелік құралы.

1905 жылы саяси қызметке  белсене  қатысты. 1907 жылы ол  патша әкімшілігін  сынағандардың қатарында бірінші болып  түрмеге тоғытылды, ал  1909 жылы  Байтұрсынов екінші рет  семейдегі түрмеге  сотсыз  сегіз айға  отырғызылды.  1917  жылы  Орынборда  өткен  Жалпықырғыз   съездінде «Алаш» қазақ партиясын  құруға  қатысып және Алаш-орда үкіметінің ұйымдастырушылары мен басқарушыларының  бірі болды.

Жергілікті  халықтың  айтуы бойынша Ахмет Байтұрсынов пен оның әйелі  Бадрисафаны  соңғы рет  Қарасу ауылында  Ақкөлден бірнеше  шақырым қашықтықта көргендер бар. Ахмет Байтұрсынов сталин лагеріне  айдалуынан  біраз уақыт бұрын осы ауылға  келіп соңғы рет  болғанында   былай  деген екен : «мен кетемін. Білемін, сіздер мені жақсы көресіздер. Мен сіздермен алыстан хабарласып тұрамын. Егер мен  жандарыңызда қалсам, менен  пайдаға  қарағанда  зиян  көбірек  келеді». Куәлердің  әңгімесі бойынша,ол дереу Ақкөлге барып  алақанымен  үш рет  су ішіпті. Қоштасқан сияқты. Қалтасынан  орамал алып, бір уыс топырақ пен бір түп жусанды  орап, салып алыпты. Ахмет Байтұрсынов сонымен қатар өзіне  қымбат жандардың  мазарына  барып, содан  кейін өз үйіне  қайта  оралмапты. Ал одан кейін оны  халық жауы деп  хабарлады.

Байтұрсынов  өз  заманының ең бір сауатты адамдарының қатарында еді.Халық арасында үлкен абыройға ие болып, «Алашорда»   саяси  ұлтазаттық  көтерілісінің  көшбасшысы болды. «Алаш»партиясының  өзге де  мүшелері  сияқты  ол да  репрессия  құрбанына  айналды. 1937 жылы  Ахмет Байтұрсынов атылып кетті. Оның денесінің қай жерге жерленгені әлі күнге дейін  беймәлім.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика