«Шын жүректен мың алғыс»

Іс –шара №14 мектептің актовый залында 6 сынып оқушыларының және
ұстаздардың қатысуымен өтті.Қатысушыларды 1 наурыз – Алғыс айту
күнімен құттықтай отырып,шын жүректен лебізімізді білдірдік.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016
жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды
елімізде Алғыс айту күні деп жариялады.
Іс – шара барысында 6 сынып оқушылары – Анаға,әкеге,ұстаздарына
арнаған өлеңдерін оқып және викториналық сұрақтарға жауап берді.
«Жүректен – жүрекке» ойыны ойнатылды. Арнайы дайындалған
жүрекке,оқушылар кішкентай жүрекшелерге жазылған тілектерін
орналастырып,«Мың алғыс»әнін шырқап берді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика