Талқылау сағаты «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар»

ОҚК 23 қаңтар күні РПТК студенттеріне арналған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғам санасындағы модернизация» бағдарламасын талдау және түсіндіруге арналған «Рухани жаңғыру: взгляд в будущее» талқылау сағаты өтті. 

Мақсаты – Мемлекет басшысының кіші бағдарламалар мен жобалардан тұратын бағдарламалық құжаттары, рухани құндылықтарды қозғау , әрбір қазақстандықтың жеке дамуы үшін модернизациялаудың мүмкіншіліктерін талқылау бойынша білімді кеңейту.

Іс-шара ғаламтор желісінен алынған бейнематериалдарды жариялай отырып, екі тілде өткізілді.

Іс-шараны өткізу кезінде Рудный қаласы әкімдігінің жастар ресурсты орталығының директоры Байбусинов Айбар Ануарбекович және орталық психологы Кулиш Юлия Николаевналар студенттерге біздің қаламызда да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұсынуды және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының негізгі жаңа бағыттарын таныстырды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алумен қатар өз пікірлерін айтуға мүмкіншілік алды.

Бір атаулы ақпараттық-тақырыптық сөренің безендірілуі барлық қатысушыларға талқылаудың барлық қырларымен танысуға мүмкіндік жасады. Барлығы 51 адам қатысты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика