Тарихи саяхат циклі

«Қазақ хандығы: тарихи дәстүрдің бөлігі»  (құрылғанына 555 жыл) «Бәйтерек» журналының беттеріне  тарихи саяхат «Тарихпен дауласпайды, тарихпен өмір сүреді»Рудныйдың ОКЖ» ММ Қашар кентіндегі  №11  кітапхана филиалында 2020 жылдың 12 ақпанында өткізіліп, оған №1,№2, орта мектептерінің  жоғары сынып оқушылар қатысты.

«Бізге бүгінімді түсініп, ертеңімізді болжау үшін өткен шаққа  көз салуымызқажет».-Н.А.Назарбаев
Қазақ Хандығының  құрылуын Алтын Орда, Ақ Орда, Мағұлыстан сияқты мемлекеттерінің құрылу тарихы жалғастырды.Оның  пайда болуы Керей мен Жәнібектің атына  байланысты, және дәл сол кезеңдегі «Қазақ» этнонимі замандастар санасына енді.  «Бәйтерек» журналының дискуссиялық  клубының  материалдары бойынша -«Орталық Азиядағы бірінші ұлтты мемлекет», «Нысанды білім беру көздері», «Шығысқа саяхат, немесе еуропалықтардың көздерімен Қазақ хандығы» оқушылар Ұлы дала халықтары үшін ауытқымалы және драмалық болған, қазақ зиялыларының эпистолярлық зерттеулерімен, сол кезеңдердегі Қазақ даласын зерттеушілер және еуропалық саяхатшылары куәлік еткен Қазақ хандығының  құрылу кезеңдерімен танысты. Іс-шара барысында Рүстем Әбдіраштың  «Золотой трон»  филімінен  үзінді  қаралды, тарих ғылымдарының докторы Б.Кәрібаевтың қазақ мемлекетінің даму тарихында  жарқын ізі қалған Қазақ Хандығының 550 жылдығы  қарсаңында Хандарға  арналып шығарылған «Қазақ хандығы» тарихи танымдық кітабы ұсынылды.

          19 ақпан күні №2 орта мектебі  кітапханасының  оқу залында   Бөгенбай, Бердіқожа, Сары Қасболатұлы  батырларға арналған  «Ұлы даланың Ұлы атаулары» арнайы жобасы аясында «Тарихпен дауласпайды, тарихпен өмір сүреді…» -«Батырлар туралы әңгіме…» атты тарихи  саяхат  болып өтіп, орта буындағы оқушылар,Қазақстан тарихын оқытушылар, сынып жетекшілер  қатысты.

Мультимедиялы таныстырылым көмегімен батырлар ерлігі және өмірімен таныстырылды. Бөгенбай батырдың атақты дулығасы,Бердіқожаның кесенесі,  Сары Қасаболатұлының  ерлігі жайында   бейнеүзік көрсетілді. Есенбаева Гүлзат, Энгельсова Гаухар, Жұмалиева Айнұрлардың  орындауында  батырлар ерлігі  жайында өлеңдер оқылды.

Іс-шара мақсаты – патриоттыққа тәрбиелеу, ел тарихына деген құрметпен қарау; Қазақ хандығы жайында  және қазақ батырлары  туралы білімді  қалыптастыру, олардың ерлігі мен батырлығына  деген қызығушылықты арттыру.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика