Торғайдағы алғашқы ауыл мектептерінің ашылғанына 130 жыл толуына орай
«Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласының алғашқы мұғалімі» атты бейне
сағат № 2 ОМ 6 Ә сыныбында 24 ақпан Қашар кентінің № 11 үлгілі
кітапхана-филиалымен өткізілді.
Мақсаты-жас оқырмандарды Қостанай облысындағы атақты қазақ
ағартушысы және педагог, алғашқы мектептердің ұйымдастырушысы
Ыбырайалтынсариннің өмірімен және еңбектерімен таныстыру.
Бейне сағат Ыбырай Алтынсариннің балаларды оқыту және тәрбиелеу
теориясының бастаушысы, революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық
ойдың негізін қалаушы болып есептелетіні туралы қысқаша әңгімеден
басталды.Одан әрі балалар кітапханамен Ы.Алтынсаринге жасалған бейне
хабарламаны қызығушылықпен қарады. Олардың сыныптасы Жақсыбаев
Мейрамбектің ана тілінде Ы.Алтынсариннің өлеңін оқып жатқан үзіндісі
ерекше қызығушылық тудырды. Іс-шара қызықты және танымды болды.
16 оқырман және сынып жетекшісі А. А. Үдербаева қатысты.
Іс – шарадан кейін 5 оқырман жазылды. Үйге 5 дана әдебиет берілді.
Кітапхананың ЭДБ «Ы.Алтынсарин» папкасымен толықтырылды, онда № 11
кітапхана-филиалы жасаған «Образ, тұлға, стиль…» атты бейне, мәтіндік
және фото есеп бар.