«Жазғытұрымғы тамшы» ақындық минуттар

3.03.2022 ж. Қашар к. №11 үлгілі кітапхана – филиалы «Тинейджер» балалар
клубында «Жазғытұрымғы тамшы» ақындық минуттарын ұйымдастырды.

Балалар клубының мүшелері, жетекшісі, шақырылған ата-аналар (барлығы 17
адам) қатысты.
Мақсаты – әдеби шығармаларға жағымды эмоционалды қатынасты
тәрбиелеу, оқуға баулу.


Іс-шара Ф.И. Тютчевтің өлең жолдарынан басталды және П. И.
Чайковскийдің «Жыл мезгілдері. Наурыз» әуендерімен қосталды.
Көктем – жылулық, ояну және қуаныштың символы. Көктеммен бірге бізге 8
наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі келді, ол күн сәулесімен,
әйелдер күлімсіреуімен жылынып, гүл шоқтарымен безендірілген. Көктем
мен поэзия бір-бірінен бөлінбейді.
Іс-шара барысында балалар өздері ақын болды, «Сөзді аяқта» ойынында
ұйқас сөздерді айтып, «көктем» сөзіне метафораларды таңдап, өлеңде не
айтылғанын қимылмен айтып берді.
Қазақ және орыс ақындары – Ф.Тютчев, К. Әбділқызы, Г. Новицкая, В.
Алферов, Б. Заходер, Е. Благинина, Ә. Дүйсенбиев, О.Асқар, Т.
Шорыгинаның көктем, жылы күн, көңілді жаңбыр, жасыл шөп, көктемгі
орман, ана туралы өлеңдері оқылды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика