2022 ж. мерейгерлері

6 наурыз

Борис Михайлович Колот

туғанына 85 жыл

(1937-2012)

Борис Михайлович Колот Украинада, Кировоград облысында дүниеге келді.

1954 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Кировоград қаласындағы құрылыс  техникумына оқуға түсті. 1957 жылы тарату бойынша Рудный қаласына келді, «Соколоврудстрой» трестінде шебер, содан кейін прораб, аға прораб, «Промстрой-1» ҚБ бас инженері, трест бас инженерінің орынбасары, «Соколоврудстрой» трестінің бас инженері болып жұмыс істеді.

1987 жылы Борис Михайлович – трестің басшысы. 1966 жылы Рудный қаласындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1972 жылы Мәскеу қаласындағы МИҚИ (Мәскеу инженерлік құрылыс институты) жанындағы өнеркәсіптік және азаматтық құрылысты ұйымдастырушылар факультетін бітірді. Жоғары дәрежелі кәсіби маман. Оның тікелей қатысуымен ССКӨБ, Қашар КБК, Лисаков КБК көптеген өнеркәсіптік объектілері, «Казогнеупор», «Аргон» зауытының объектілері, жүздеген мың шаршы метр тұрғын үй, мектептер, ауруханалар және т. б. салынды.

«Құрмет Белгісі» орденімен, В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, III дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталған.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика