Орталық қалалық кітапханада «Мерей» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық орталығының қызмет алушыларына арналған «Киеліге айналған орындар» атты танымдық саяхат өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Қостанай облысының киелі жерлері, олардың тарихы, мәдени және рухани маңызы туралы мағлұмат алды. Танымдық саяхат туған өлкенің қасиетті орындарымен таныстырып, ұлттық мұраны дәріптеуге және тарихи-мәдени құндылықтарды құрметтеуге бағытталды.
Monthly Archives: July 2026
Орталық қалалық кітапханада Юбилейный мектеп жанындағы лагерінің оқушыларына арналған «Туған өлкем – сен жүрекке қымбатсың…» атты туған өлке бойынша виртуалды экспедиция өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Қостанай облысының көрікті табиғатымен, тарихи және мәдени орындарымен виртуалды түрде танысып, туған өлке туралы қызықты мәліметтер білді. Виртуалды экспедиция балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ел тарихы мен табиғатына қызығушылығын
Орталық қалалық кітапханада Юбилейный мектеп жанындағы лагерінің оқушыларына арналған «Астана – елдің басты қаласы» атты танымдық әңгіме-саяхат өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның елордасының қалыптасу тарихымен танысып, Астананың басты көрікті жерлері мен республика өміріндегі рөлі туралы мағлұмат алды. Балалар әңгімеге белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерімен бөлісті және елорданың көрікті орындарына қызықты танымдық саяхат жасады.
Жәуке Назарғұлұлының мазары Екідің маңынан кездесетін қазақ халқының өзге де тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасында, Жәуке батыр мазары назар аударады, ол сондай-ақ, Қостанай облысының киелі орындары картасына кірді. Екідің арасындағы құрылыстардың көркем алқабында орналасқан мазарды, 1990-шы жылдардың ортасында ұрпақтары жабайы тастан қалаған. Аңыз бойынша батыр бұл жерде 1847 жылы жерленген. Жәуке Назарғұлұлы (1822-1904) –торғай


Русский
English