Тарих сағаты «Рудный – Кенді мекен»

 «Жол картасы» – бағдарламасын ұсыну аясында кітапты – иллюстративті көрмелер ұйымдастыру және Қазақстанның, Қостанай облысы мен Рудный қаласының сакралды орындары мен тарихи-мәдени мұрасын таныстыру бойынша іс шаралар өткізу                                             24 тамыз күні мемлекеттік тілдегі кітапханада                                          «Рудный – Кенді мекен» тарих сағаты болып өтті

Кездесу мақсаты – патриоттыққа тәрбиелеу, өз отанына деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін ұялату, Рудный қаласының ескерткіш орындары мен  тарихымен  таныстыру, Қостанай облысының сакралды орындарын насихаттау, әдеби өлкетануды қозғау, ұсынылған тақырыпқа қызығушылықты  қалыптастыру және дамыту.

Балалар және «Кездесу» клубының мүшелері үшін ақпараттық-тақырыптық сөре, біздің қаламыздың мәдениеті мен тарихы жайында, сонымен қатар Қазақстан және Қостанай облысының сакралды нысандары туралы  танымдық әңгіме және электронды слайд таныстыру  дайындалды.

ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың еліміздің мәдени және рухани мұрасын сақтау әрі арттыру мақсатында айтылған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлық мақаласына ерекше  назар аударылды («Курс в будущее: духовное обновление»).

Патриоттық өз туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады,  «Туған жер» маңызды өлкетанулық қызметі  кітапханалардың  әр түрлі санаттағы пайдаланушыларымен  жұмыс  ұсынады.

 «Қазақстанның рухани қасиеті» жобасы «біздің ұлттық  ерекшелігіміздің, мемлекетіміздің біртұтастығының діңгегін  құрады».

Осы жайында кітапхананың жайлы атмосферасында сұхбат жүргізілді.

Барлығы  20 адам қатысты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика