2018 жыл 4 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында «Туған тілім тұғырым!» атты тақырыптық ауызша журналы өткізіледі
Іс-шара мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарымен, атап айтқанда, өлкетану сұрақтарын қамтитын «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасымен таныстыру; оқушыларға ҚР әрбір азаматы өзінің қалаған тілінде білім алуға, тәрбиеленуге, оқуға және шығармашылықпен айналысуына құқығы бар екендігін ұғындыру.
Тапсырмалар: Тіл туралы, түрлі ұлттардың салт-дәстүрлері туралы білімді кеңейту. Өз еліне жәнге туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Халықтың мәдени мұрасын насихаттай отырып, мемлекеттік ті л мен отансүйгіштікке қызығушылық ояту. Іс-шарада бейне материалдар мен тіл туралы заңдар пайдаланылады.
Іс-шара слайд-шоумен сүйемелденіп, аудитория назарына тақырыптық сөре ұсынылады. Іс-шараға оқу залының қорынан және ғаламтор ресурстарынан материалдар таңдалады.
Орталық қалалық кітапхана қала тұрғындары мен қонақтарын іс-шараға шақырады.