Денисов ауданы Комаров ауылдық округының аумағында Қостанай облысының сакралды орындары картасына кіретін тағы бір археологиялық ескерткіш – Қазақстандық Аркаим. Бұл Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұрасының қола дәуірінен келе жатқан киелі орын. Оны рухани күштің мекені деп санайды.
Қазақстандық Аркаим – бұл Қазақстан аумағындағы біздің эрамызға дейінгі екінші мыңжылдықтың басынан келе жатқан ежелгі үнді-европалық мәдениеттің жалғыз ескерткіші.
Еңғаш болып өз болжамын айтқан – Валерий Васильевич Мыльцев – Комаров орта мектебінің тарих пәнінің оқытушысы, өлкетанушы. Оның еңбекқорлығының арқасында ежелгі тұрғындар жайында оқымысты Виктор Николаевич Логвин өзінің 1990 жылы Комаров ауылдық округына жасаған ғылыми зерттеуінде білді. Сол кезде ол мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамының Қазақ облыстық кеңесі археологиялық ескерткіштер секциясының төрағасы еді. 1992 жылы қазақ мәдени және тарихи ескерткіштерін қорғау қоғамының Қостанай облыстық кеңесі Қостанай облысының археологиялық ескерткіштері туралы анықтамасын шығарды. 9 қорған, 6 қорғандық топ және 3 қоныс зерттеліп және сипатталды.
Қазақстандық Аркаимның өзін қоршап тұрған бекітілген қонысы, екі қорғаныс дуалы, шұңқырлары, алаңдары, ақпар кәріздері, іргелес баспаналары бар. Бұл жердің мықты астрономиялық тағылымы бар (көптеген оқымысты ғалымдар оны расытхана ретінде санайды).
Виктор Николаевич Логвин бұл қонысқа Ресейлік Аркаимның көшірмесі бойынша Қазақстандық Аркаим атауын берді. Ескерте кетсек, ежелгі адамдар қаласы Челябі облысындағы атақты Аркаиммен еншілес Ресей шекарасындағы Первомайка селосымен қатар орналасқан. «Қалашықтар еліне» аталып кеткен «Қазақстандық Аркаим» Орал – Қазақ даласындағы қалалармен бірге.
Енді Денисовк тарихи-өлкетану мұражайында қазақстандық Аркаимнан табылған экспонаттардың археологиялық көрмесі жүргізіліп отырылады – керамика сынықтар, тастар мен сүйектерден жасалған қару-жарақтар, қоладан жасалған кесу құралдары қойылған.
Бүгінде бұл керемет ескерткішке Қазақстан, Ресей, Германиядан қонақтар келеді. Олардың барлығы бұл жердің ерекшелігі мен қасиеті туралы өздерінің жағымды пікірлерін қалдырып кетеді.