Біз өмір сүретін заң

29 тамыз күні Орталық қалалық кітапхананың оқу залында  ҚР Конституция күніне арналған аула клубтарының балалары үшін «Біз өмір сүретін заң» іс-шарасы болып өтті.

Іс-шара  басында  салтанатты түрде  ҚР  әнұраны шырқалып,содан соң  жүргізуші  барлық  қатысушыларды ҚР Конституциясының  тарихымен таныстырып өтті. Балаларға  олар  оңай меңгере  алатын  тапсырмалар дайындалды.

Балалар  біздің республикамыздың  негізгі  заңдары туралы  көптеген жаңалықтарға  қанық болды. Іс-шара толықтай  ҚР Конституциясы туралы  білімге тікелей бағытталған. (Статья – 34  былай дейді: Барлығы Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Конституциясын  сақтауға, құқық,еркіндік, абырой мен өзге тұлғаның  жеке басын құрметтеуге  міндетті).

Залда  отырған  балалар : өз Отанының  абыройлы азаматы болу үшін  және оған адал қызмет ету үшін  ең  басты құқық –  оқу және білім алу екенін  ұғынды.

Барлық іс-шара кезінде, нәтижелі  ақпарат  беру үшін, экранда түрлі-түсті  таныстырылым  көрсетілді. Аталған тақырыпқа қызығушылық  танытатындар үшін  тақырыптық  сөре  тағайындалды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика