30 қазан күні Орталық қалалық кітапхананың оқу залында «Өзіңмен және дүниемен келісімдікте» атты құқықтық сауаттылық сабағы өткізілді. Іс – шара кітапхана ұсынған «Жастар және құқық» бағдарламасы аясында өтті.
Құқықты мемлекет құру үшін құқықтық реформалармен қатар, тұрғындардың соның ішінде жастардың құқықтық мәдениетін және құқықтық деңгейін жоғарылату керек.
«Мемлекет пен оның азаматтарының қызығушылықтарының үйлесімдігін қамтамасыз ету үшін не істеу керек? Өзіңмен және дүниемен үйлесімдікте жасауды үйрену керек пе? Заң аясында және ұятыңмен әрекет етесің бе?» – осы және көптеген сұрақтарға жауап беру үшін шақырылған қонақтар:
ҚР ІІБ ардагері Ускумбаев Жаксыбай Молдагалиевич,
Рудный қаласы ІІБ қызметкері, полиция аға лейтенанты, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша участкелік инспекторы Долдабаев Жанат Аянбергенович,
Рудный қаласы әкімдігінің «Жастар ресурсты орталығы» ММ психологы Кулиш Юлия Николаевналар көмектесті.
Ювеналды полициясының қызметкері ҚР азаматтарының құқықтры және міндеттері туралы айтып өтіп, құқық бұзушылықтың кең таралған түрлері және олардың жауапкершілік шаралары туралы кеңінен тоқталып өтті.
ІІБ ардагерінің қызметінде кездескен тәжірибесі, оқиғалары туралы айтқан әңгімесі тыңдаушыларға қызықты болды, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі құқықтың қандай роль атқаратындығы, жастайыңнан өзіңді тәрбиелеуде ең бастысы не екендігі жайында зейін қоя тыңдады.
Бірнеше психологиялық тренингтер өткізіліп, күйзеліс пен ашушаңдықтан қалай тез құтылу туралы кеңестер берілді.
Сонымен қатар РПТК студенттері заңгер кеңесіне қайда жүгіну туралы, өмірде кездесетін қиын жағдайларда қайдан көмек сұрау туралы қажетті мағлұматтар алды.
Іс – шара жүргізушісі мен қонақтардың әңгімелері слайд-презентациялар және бейнероликтермен сүйемелденді, ақпараттық – тақырыптық сөре тағайындалды.