«Рухани келісімнің константасы»

18 қазан күні  Қашар кентіндегі №11 үлгілеу  кітапхана  филиалының  компьютерлік  технологиялар  бөлімінде   «Рухани келісімнің константасы» (Рухани келісім күніне) – құжатты филімін  қарау ұйымдастырылып, оған кітапхананың белсенді  оқырмандары   (аралас  аудитория, жоғары  буын  өкілдері)  қатысты.

Мақсаты – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту, азаматтық  және  рухани – мәдени  қоғам қалыптастыру.

«Әркімнің абыройы мен беделін, арын бағалайтын  қоғам қалыптасқанда этикалық  стандарттар мен рухани құндылықтар белең алады»  – Н.Ә.Назарбаевтың осы сөзі іс-шара эпиграфына айналды.

Рухани келісім күні –  бұл келіспеушіліктер мен жанжалдарға мортатория жариялайтын, татулық іздейтін, жақының көмек қолын созатын және жақсылық жасайтын күн. Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  саясатының негізі   болып  этноаралық қарым-қатынастардың үйлесімділігі және толеранттылық маңызды роль атқарады.

«Рухани келісімнің константасы»  құжатты фильімін онлайн – қараудан кейін, 2018 жылдың 10-11 қазанында Астана қаласында  болып өткен  әлемдік және дәстүрлі  религиялар көшбасшыларының VI Съезді  және  «Қауіпсіз әлем үшін  религиялық көшбасшылар»  тақырыбы  талқыланды. Декларация съездінің қорытындысы бойынша  лаңкестіктен бас тарту тәжірибелері қабылданды.

Соңында регилияаралық  диалог барлық халықтардың  жағдайын жақсартып және  қоғамдық  дамудың тәсілдерінің бірі болып табылатындығы атап өтілді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика