Белан оқулары – Қашар кентінің мәдени өміріндегі айтулы оқиға

2017 жылдан бастап  Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Қашар кентіндегі  №11 кітапхана филиалы жыл сайын  қашарлық жазушы, ұлы педагог, талантты жазушы, өлкетанушы және ақын  Иван  Михайлович  Беланның туған күні  8 қарашада  Белан оқуларын  өткізіп келеді.

Дәл осы күні оқу залына  Иван Михайловичтің таланты мен шығармашылығына   табынушылар, кенттік және қоғамдық  ұжымдар жетекшілері мен өкілдері, педагогтар, оқушылар, жазушының туғандары мен жақындары жиналып, осы бір керемет жан туралы естеліктерімен бөлісті. Әсіресе  жазушының қызы Сиковская Елена Ивановна керемет әсерлі әңгімелер айтып, әкесінің кітаптарын қонақтар мен жастарға сыйға тартты.

   И.М.Белан  өмірінің  жарқын шақтарын парақтай отырып, жазушының өлкетанулық және әдеби  мұраларына ерекше көңіл аударылды. Автор өз шығармаларында көптеген жандардың тағдырын мысалға ала отырып, жастар үшін белсенді өмір, азаматтық, ерлік, адамдық пен адамгершілік адам жанының тазалығы екендігі жайында тақырып қозғайды. Ал оның  өлеңдері адамгершілік – философиялық пәлсапаларға толы. Бұл кітаптар біздің өлкемізді кеңінен танытып, өткені жайында, тұлғалар мен  дәстүрлер жайында көп нәрсеге  үйретеді.

Сонымен қатар, кітапхана шыққанына 10 жыл болған  мерейгер кітаптарды ұсынады. Бірінші кезекте Беланның  мерейгер кітабы 2008 жылы басылып шыққан  тек Фёдоровка ауданына ғана емес, сондай ақ Қостанай облысына  танымал шаруа және  кәсіпкер Николай Михайлович Саран жайында жазылған кітабы. «Горизонты Николая Сараны» кітабы оның  еңбек жолының 50 жылдығына арналған еді.

Кездесуде Беланның ақындық өлең жолдарынан  дәл осы күні  Қашар бастауыш мектебінде өткізілген  конкурс жүлдегерлері, мәнерлеп оқу сайысының  үздіктері, №1 орта мектебінің  жоғары сынып оқушылары Артём Шрам, Анастасия Елесиналар көптеген шумақтар  оқыды.

         Ақын  өлеңіне  жазылған «Качар, тобой гордиться будем!», «Такую землю не любить нельзя!»  әндері  Қашар орта мектебінің музыка пәнінің  оқытушысы  Грипас Елена Михайловна және   «Юность» МҮ «Отрада» әуесқой берлестіктің жетекшісі Шевченко Нелля Михайловна,  МҮ көркемөнерпаздар шығармашылығының қатысушысы  Бориса Пискуновтың  орындауында  тыңдалды.

Аудиторияға  мультимедиялы  слайд – презентация, ақынның барлық шығармалары, жеке кітапханасынан алынған 1940-1950 ж шығармалары   қойылған  кітапты көрме – панорама  жасалды.

Кітапхана  И.М.Беланның мерейтойына арналған  әдебиеттер тізімі мен буклеттер дайындады.

Иван Михайлович әрқашан өз жерлестерінің жадында нағыз азамат, нағыз патриот, өз өмірін педагогика мен жазушылық өнерге  бағыштаған жан ретінде  сақталады.

Ал оның кітаптары  – өз жанының айнасы – шыншыл да адал, өз елі мен өз халқына  деген махаббат пен сүйіспеншілікке толы.

Атақты жерлесіміздің 90 жылдығына арналған бұл кездесу  кентіміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды! Іс – шараға 72 адам қатысты.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика