Қоянақ әулие кесенесі

Наурызым ауданында, Шилі Шолақсай  ауылынан 18 км қашықтықта, Қарасу және Қопа  қоныстары аралығында  Қоянақ әулие кесенесі орналасқан.

Қоянақ әулие Ұзынкөл ауданында  туылып, Наурызым ауданының тумасына тұрмысқа шыққан. Оның көріпкелдік  қасиеті  өте күшті болған. Ол табиғаттың тылсым күштерін  өзіне тартып, бұлтты жылжытып, боранды  тыныштандыра алады екен. Оның жолдасының  есімі Бисары. Күйеу бала өз туыстарымен және достарымен  қызды алып кетуге  келе  жатқанда адасып кетіпті. Ен далада жолдан адасып, ашыққан  сәттерінде  алыстан  моланы  көздері шалады. Тастардың бірінде  тамақ қойылған дастархан  жайылған екен. Жолаушылар тамаққа тойып болған кезде  дастархан көз алдында ғайып болыпты. Ал ескерткіш тастың арқасында жол көрініп жатты. Осылай Қоянақ өз күйеуіне жол тауып беріпті.

Қоянақ әулие мазарына жету оңай шаруа емес. Жолдар жібермейтін сияқты. Адамдар ат басын қайда қарап бұрса да алдарынан  қазулы  шұңқырлар пайда бола береді. Тек  тәжірибелі  жүргізушілер ғана  жол тауып бара алады.

Қоянақ әулиенің  ұрпақтар оның жерленген  жеріне   белгі тас қойды, заманауи мұражай  ашты. Бұл жерге жерленген Қоянақ әулиенің денесі  жергілікті тұрғындарды  бәле-жаладан сақтап, оларға  табыс  әкеледі, ол үйде бір түнеген адам науқасынан айығып шығады. Емделгісі келетіндер бұл орынға түнеу үшін келеді. Мұндай жерлерге келгенде адам  жақсы ой ойлап, өзі мен жақындарына жақсылық тілеуі тиіс.

 

 

Leave a Reply