10 қазан
Порониченко Иван Михайлович
Туғанына 95 жыл
Иван Михайлович Порониченко 1925 жылғы 10 қазанда Қостнаай облысының Константиновка ауылында дүниеге келді. Мектеп бітірген бойдан оны әскерге шақырды, Таллин жаяу-әскер училищесінде оқыды.
1943 жылы 109-шы бөлек танкке қарсы жою дивизионына қосылған 110-шы жаяу атқыштар дивизиясына шақырылды. Мұнда екінші Украин майданында, ол 45- миллиметрлік пушканың нысанашысынан командиріне дейінгі жолды өтті. 1943 жылғы 20 қарашада Иван Михайлович екі аяғы мен қолынан ауыр жарақат алды.
Емделуден кейін Новосібір қаласына кіші командирлер курсына жіберілді, содан соң Т-34 танкісінің жүргізуші-механиктерін даярлау мектебіне барып реттеуші-механик мамандығын алды. Танк ротасы құралғаннан кейін 10-шы Оңтүстік-Орал ерікті танк корпусының 266-шы жылжымалы танк жөндеу базасына I украин майданына жіберілді. Иван Михайлович танктің реттеуші тораптарын, олардың өзара әрекеттесу дәлдігін жетік білді, оларды жөндеу кезінде ғана емес, жиі соғыс позицияларында да реттеді. Бұл ретінде ол Висла өзеніндегі Сандомир плацдармын басып алу және қорғауда, Праганы азат етуде, Берлиндегі фашисттердің айналма қорғанысын бұзып өтуде қатысты. 1948 жылдың желтоқсандына үйіне оралды.
Соғыстан кейін Иван Михайлович есепші мамандаған алды, содан соң жоғары экономикалық білім алды. Қостанай облысының құрылыс ұйымдарында жұмыс істеді: «Магнитострой» трестінің ҚМБ қойма меңгерушісі, кейін «Костанайсельстрой-13» трестінің ҚМБ есепшілік бөлімін басқарды, көп ұзамай оны сол трестің экономикалық бөлім бастығы етіп тағайындадлы.
Иван Михайлович Порониченко жауынгерлік қызметі және бейбіт еңбектегі табыстары үшін марапатарға ие, соның ішінде «Құрмет Белгісі» ордені, медалдары бар.