2020 жылғы қазан айының мерейгерлері

 

16  қазан

Нуганов Тулеухан Нуганович

Туғанына  90 жыл

.

Тулеухан Нуганович Нуганов 1930 жылы 16 қазанда  года в селе Шығыс-Қазақстан облысы Ұлан ауданының Ақ-Бұлақ ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанда Төлеуханның жасы небәрі 11-де болды. 1942 жылы колхозға сүт фермасына есепші болып жұмысқа тұрды, содан соң егіс бригадасының  есепшісі, қоймашы болды. 1946 жылы ол оқуын тәмамдады, жетіжылдықты бітірді. Кейін, Жамбыл атындағы Өскемен интернатты үздік аяқтап, Алматы тау-кен институтына оқуға түсті.

1956 жылы Рудный қаласына келді, мұнда 25 жыл  Сарбай кен басқармасында жұмыс істеді. Таукен шебері қызметінен бастады, 1958 жылы оны оны  автоүйінділер мен автожолдардың, қазу учаскесінің бастаға етіп тағайындады. 1967 жылдан бастап – бас инженердің жаңа техниканы енгізу бойынша орынбасары, 1974 жылдан бастап – жоспар бөлімінің бастығы, 1977 жылдан бастап – рудкомның төрағасы. 1979 жылы Сарбай  тау-кен басқармасының партком хатшысы етіп сайланды.

Бастамашыл, білімді басшы, бейжай қарамайтын, принципті кісі, ол ұжымда  өзіне лайық құрметке ие болды. Бұл қасиеттері 1982 жылы Рудный қалалық халықтық бақылау комитетін, ал 1990 бастап 1995 жылдар аралығында – қалалық табиғатты сақтау және қорғау басқармасын басқаруға мүмкіндік берді. Келесі 15 жылда Нуганов қалалық Халық депутаттары кеңесінің депутаты және тағы 10 жыл – Қазақстан компартиясы Рудный қалалық комитетінің  бюро мүшесі міндетін  адал атқарды.

Демалысқа шыққаннан кейін, Тулеухан Нуганович қоғамдық өмірге белсене қатысуды жалғастырдыы «Қазақ тілі» қоғамын басқарды, алғашқы қалалық мешіттің құрылысы үшін көп нәрсе жасады, оның басқарма төрағасы болды.

Оның жанкешті еңбегі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек озаты» медалдарымен марапатталды, ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің және қара  металлургия министрлігінің құрмет грамоталарының иегері, еңбек ардагері. Тулеухан Нугановичке 1997 жылы Рудный қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. Тулеухан Нуганович Нуганов 2013 жылы қайтыс болды.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика