2020 жылғы қазан айының мерейгерлері

29  қазан

Гринев Андрей Семенович

Туғанына  95 жыл

 

Андрей Семенович Гринев 1925 жылғы 29 қазанда Қостанай облысының Викторовский кентінде дүниеге келді. 1943 жылғы қаңтарда әрекеттегі армияға шақырылды. 213-ші атқыштар дивизиясының құрамында бірінші Украин  майданында соғысты, әскери атағы – сержант. Киевті, Харьковты, Житомирді азат етуге қатысты, Винницаның маңында жарақат алды. Содан кейін Польша, Германияның ұрыс жолдарымен өтті, соғысты Чехословакияда аяқтады, Эльбадағы одақтас әскерлермен кездесуге қатысушы.

1950 жылдың мамырында Андрей Семенович Сарыбай геологиялықбарлау экспедициясына токар болып орналасты, онда ол зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс жасады. Оның еңбек кітапшасында марапаттау, алғыс хаттар мен    марапаттар  туралы көптеген жазбалар бар.

Андрей Семенович Гринев 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалдарымен марапатталған. 1971 жылғы 17 наурызда ұзақ жылдық және мінсіз жұмысы үшін Гриневке Солтүстік-Қазақстан геологиялық басқармасының Еңбек ардагері атағы берілді. Жеңістің  60-жылдығына байланысты ол ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қолы қойылған алғыс хат алды. Андрей Семенович Гринев 2015 жылы қайтыс болды.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика