2022 ж. мерейгерлері

4 сәуір

Мұқашев Александр Баймурзинович

туғанына 100 жыл

(1922-?)

1922 жылы 4 сәуірде Қостанай облысының Семиозер ауданында дүниеге келген. 1941 жылы Пешков аудандық әскери комиссариатымен әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы жылдары орта және ауыр танктердің жүргізуші-механигі болды. І Украина майданында 334 миномет дивизиясында соғысқан. Сталинградты қорғауда, Варшаваны азат етуге қатысты. 1-ші танк армиясы құрамында Берлинге дейін жетті. 1947 жылы аға сержант атағымен әскери қызметтен босатылды. Соғыстан кейін арнайы орта білім алған. 40 жыл бойы агроном болып жұмыс істеді. 1983 жылы зейнетке шықты.

Марапаттары: Қызыл Жұлдыз ордені, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдары, мерейтойлық медальдар. Жұбайымен бірге бес бала өсіріп, тәрбиеледі.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика