2023 ж. мерейгерлері

Запорожкина Тамара Михайловна

22 қазан

(1943-2021)

туғанына 80 жыл

Тамара Михайловна Запорожкина – «Айгүл» халықтық спорттық бал би ансамблінің бас хореографы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тамара Михайловна өмірінің көп бөлігін жергілікті спорттық би мектебінің қалыптасуына арнады.

Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтын (хореография факультетін) бітірді, Астраханьда жұмыс істеді, содан кейін Рудный қаласына көшті. Мұнда 1973 жылдың қараша айында облыстағы тұңғыш «Айгүл» бал би тобы құрылды.

«Айгүл» ансамблінің сіңірген еңбектерінің және, әрине, Тамара Михайловна Запорожкинаның сіңірген еңбегінің тізімі (толық емес):

– 1975-1977 жж – еңбек адамдарының көркемөнерпаздар шығармашылығының Бүкілодақтық 1-фестивалінің лауреаты;

– 1977 ж. – ұжымға «Халық» құрметті атағы берілді;

– 1985 ж. – 12-ші Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің ашылу және жабылу салтанатына қатысушы (Мәскеу қ.);

– 1988 ж. – Республикалық бал би ансамбльдері байқауының лауреаты (Алматы);

– 2011, 2013 ж – Астана қаласындағы Қостанай облысының мәдениет күндерінің қатысушысы;

– 2014 ж. – XXVIII облыстық көркемөнерпаздар шығармашылығы фестивалінің гала-концертінің қатысушысы.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика