2026 жылғы тамыз айының мерейгері Иван Андреевич Ваганов

14 тамыз

Иван Андреевич Ваганов

туғанына 100 жыл

(1926–2016)

Иван Андреевич Ваганов 1926 жылы 14 тамызда дүниеге келген. Соғыс алдында жеті сыныпты аяқтағаннан кейін, ол одан әрі қандай да бір қызығатын істі үйренуді жоспарлады: ол машиналар мен   механиздерге қызықты, жылқыларды, сурет салуды,              балалайка мен аккордеонда ойнауды ұнататын. Алайда барлық жоспарларға соғыс кедергі болды. Үш жыл бойы Иван колхоз жұмыстарында майданға аттанған ағасы Андрейді ауыстырды. Ал 1943 жылдың қарашасында Банкрушиха аудандық әскери комиссариаты әскерге шақырады. Ол 18 жасқа толмай майданға аттанды – 98-соққы дивизиясының 308-полкында артиллерист. Екінші және Үшінші Балтық жағалауы, Бірінші Украина майдандарында 45 миллиметрлік зеңбіректің нысанашысы болып шайқасқан.

Иван Андреевич Балтық жағалауында жауынгерлік тәжірибеден өтті Фашистер орманды тасалап, қосымша күштерін тартып, күтпеген жерден шабуылға көшті. Осындай қуатты соққыға шыдай алмаған полк бөлімшесі шегіне бастады. Осы қиын сәтте Вагановтың зеңбірегінде снаряд тұрып қалды. Қару командирінің шешімін күтпей, Иван снарядты қайтадан зеңбіректің ішіне салып, атып жіберді – зеңбірек босап, снаряд жауларға тиді. Ал одан кейін зеңбірек жауға үздіксіз соққы бере бастады – жау  мұндай тығыз отқа төтеп бере алмады, қашты. Бұл ұрыста Иванның қолына оқ жарықшағы тиді.

Ол өз полкын Германияда қуып жетіп, қайтадан жараланды. Және тағы да ол басқа полк құрамында соғысуға кетті. Алайда ол өзінің бұрынғы жолдастарын соншалықты сағынғандықтан, бір күні түнде көрші полкке оларды көруге аттанды. Жаңа орында оны іздеп қалады, сол себепті ол хабар-ошарсыз жоғалғандар тізіміне кірді. 1944 жылдың соңында Алтайдың Велижанка ауылында Вагановтар отбасына ұлының хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл қайғылы қатені Вагановтың өзі 1945 жылы наурызда Одер өзеніндегі плацдармды қорғау кезінде ауыр жарақат алған Кавказ госпиталінен үйіне хат жолдап, түзеді. Иван Андреевич Эстония, Латвия, Германияны азат етуге қатысты. Жеңісті ол госпитальде қарсы алды, 1945 жылы демобилизацияланды.

Соғыстан кейін Иван Андреевич Алма-Атада тігін машиналарын жөндеу шебері болып жұмыс істеді. Шығармашылық қабілетімен ол Алматы музыкалық училищесін үздік бітіріп, біздің өлкеге жұмысқа жіберілді. 1957 жылы салынып жатқан Рудныйға көшкеннен кейін, ол жергілікті музыка мектебінің негізін қалаушы болды, сабақ берді, ұзақ уақыт бойы оның директоры болды, осы жерден зейнет демалысына кетті. Оның бастамасымен Рудный қаласында музыкалық училище ашылды. Айта кету керек, бұған дейін Қостанай облысында мұндай мекеме болмаған. Оның әр оқушыға өз көзқарасы болды, бірақ нәтижесі бір: олардың барлығы өмірлерін музыкаға арнады. Оның оқушыларының бірі Сергей Кобызев көп жылдан кейін Борис Старшининнің «Мұғалімге арнау» сөзіне ән жазды. Иван Андреевич ән мен музыканы өзі жазған. Рудный тарихи-өлкетану мұражайында оның «Майдандағы көктем вальсі» әніне ноталар мен сөздер жазылған қолжазбасы сақтаулы.

Тамаша педагог, ешқашан жабырқамайтын адам, Ваганов қалалық іс-шараларға әрдайым қатысып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге белсене атсалысты. Ол жастар алдында мектептер мен ұйымдарда жиі сөз сөйледі. Өзінің әскери өткені туралы өте қызықты әңгімелеп берді.

Иван Андреевич Ваганов ІІІ дәрежелі Даңқ, Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін», «ҰОС кезіндегі ерен еңбегі үшін», «Құрмет белгісі» ордендерімен, мерейтойлық наградалармен марапатталған.

                              

 

 

 

 

                              

 

 

 

 

                              

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика