«Қазақтың Розасы»

Орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында  Роза Рымбеваның 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Розасы» атты музыкалық альманах өткізілді.

Іс-шара мақсаты: Өскелең ұрпақты Қазақстанның қайталанбас мәдени мұрасымен таныстыру, ҚР еңбегі сіңген өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттау, жастардың патриоттық рухын, туған өлкеге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Іс – шараға №19 орта мектебінің 6 «А» сынып оқушылары қатысты.

Кітапханашы Есетова А.Т. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның өмір жолын, шығармашылығы жайында айта кетіп, оның Қазақстанның ұлттық мақтанышына айналған тұлға екендігіне тоқталып өтті. Талай ұрпақ оның әндерімен сусындап бой түзеді.

Айжан Шахаева, №19 орта мектебінің оқушылары Зиядинова М., Куанышов А. музыкалық альманахтың көркін қыздыра түсті. Олардың орындауындағы Роза Рымбаеваның репертуарынан алынған «Әлия», «Өткен күндер», «Ертеңіме сенемін» және басқа әндері тыңдарман жүрегінен жол тапты.

Кітап көрмесінде ҚР халық әртісінің өмірі және шығармашылығы жайында мақалалар жарық көрген кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды. Іс-шара слайдпен және мұрағаттан алынған телевидение материалдарының үзінділерімен сүйемелденді.

 

«Қазақтың Розасы»

В центральной детской библиотеке, в рамках подпрограммы «Рухани қазына» программы «Рухани жаңғыру» был проведен музыкальный альманах «Қазақтың Розасы», посвященного 60-летию со дня рождения Розы Рымбаевой.

Цель мероприятия:

  • познакомить подрастающее поколение с неповторимым своеобразием музыкального наследия Казахстана,
  • пропаганда творчества заслуженных деятелей культуры и искусства РК,
  • воспитание молодежи в духе патриотизма, любви к краю, Родине.

Библиотекарь Есетова А.Т. рассказала о биографической и творческой деятельности народной артистки РК Розы Рымбаевой и отметила, что её имя  стало национальной гордостью Казахстана, на ее песнях выросло и будет воспитываться не одно поколение.

Ученики школы №19 Зиядинова М., Райымбаева Ж. стали украшением музыкального альманаха. В их исполнении прозвучали песни из репертуара Розы Рымбаевой «Әлия», «Өткен күндер», «Ертеңіме сенемін»  и т.д.

На экспонируемой  книжной выставке, были представлены книги и материалы из периодических изданий о жизни и творчестве народной артистки РК.  Мероприятие сопровождалось показом слайд-шоу, отрывками из архивных материалов телевидения.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика