« 2017 – Табыстар, мәселелер, мақсаттар »

Орталық қалалық кітапханада 31 қаңтар күні Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашыларына арналған «Табыстар, мәселелер, мақсаттар: «РОКЖ» ММ 2017 жылғы қызметінің қорытындысы және 2018 жылға алға қойған мақсаттар» атты семинары өткізілді. Кітапхана жұмысының кешенді тапсырмаларына және кітап қорының қалыптасуына, пайдаланушыларға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, мәдени қызметтерге байланысты күрделі мәселелер талқыға салынды.

Инновациялық үлгілер мен әдістерді ұсыну үшін әдістемелік және координаттық қамтамасыздандыруды жүзеге асырудың 2018 жылғы приоритетті бағыттары қойылды: Мемлекеттік бағдарлама «Руханижаңғыру»; ҚР Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы; ҚР ұлттық валютасының айналымға енгеніне және шығарылғанына 25жыл.

Сонымен қатар, семинарда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тұлғалар мен оқиғалардың мәдени тарихы» атты «РОКЖ» ММ жеке жобасы,соның ішінде 10 адамдық жұмысшылар тобының қалыптасуымен «Жоспарлау және дайындық» бірінші сатысы белсенді түрде талқыға салынды. Қазіргі уақытта топ алдын ала материалдар жинау жұмысын бастап кетті. Топтың келесі қызметтік жиналысы 2018 жылдың наурыз айында өтеді.

Флешмоб, кітаптар таныстырылымы, библиомикс, библиопродленка, «Оқырман оқырманға» кітапты фримаркеті, буккросинг, оқырман бенефисі, «Луч» газетінің кітапханалық шығарылымы, «Читай-ка» отбасылық оқу клубы, «Кітап сыйлау күні», «Ілінген кітап», «Өзіңмен бірге досыңды алып кел», «Book-симпатия», Стендап акциялары, Өзін өзі басқару күні, ақпараттық қиылыс «Жүрекке жақын сүйікті қалам!», Белан оқулары, Жазғы оқулар, ақындық параллель сияқты және де басқа қоғам мен кітапхана арасында тығыз байланыс орнататын бұқаралық мәдени іс-шаралар мен жаңа үлгілер кітаптар мен оқулықтарды қозғай отырып, кітапхана абыройын арттырып, оның қала өміріндегі әлеуметтік орын алатындығына ерекше тоқталып өтілді.

Бүгінде кітапханалардың мүгедектерге қызмет көрсетуде үлкен тәжірибелері бар – Әлеуметтік көмек күні № 6, 11, 13 (әдебиеттерді ұсыну, түрлі акциялар мен бұқаралық іс-шараларды өткізу) кітапхана филиалдарында өткізіліп отырылады.

Стационардан тыс кітапханалық қызмет кітапхананың актуалды бағыттарының бірі болып табыла отырып, оқырман ауқымын кеңейтуге ат салысады. ОКЖ – 10 кітапханалық кітап беру пункттері бар.

Есеп беру жылында БАҚ кітапхана туралы ақпараттар саны – 110.

Рудный қаласы әкімдігінің Ресми Ғаламтор – ресурсы http://rudny.kostanay.gov.kz/, қалалық сайт http://rudnet.kz/, сайт ОБК //library-rudny.kz/. Сайттары белсенді түрде пайдаланылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша диплом мен өтпелі жүлде «2017 жылдың үздік кітапханасы» коммуникативті белсенділігі мен кітаптар және оқулықтарды қозғау, оқырмандарды тарту бойынша кітапханалар арасындағы шығармашылығы үшін, Қашар кентіндегі №11 үлгілі кітапхана филиалына берілді, меңгерушісі -Полухина Алла Александровна.

Бүгінде № 11 үлгілеу кітапханасы – кітапханалық қызметтің заманауи деңгейдегі үлгісі, бұл – әлеуметтік маңызды ақпараттарға қоғамның қол жеткізу орталығы,кент тұрғындарына жаңа мәдени мүмкіншіліктерді ұсыну, пайдаланушылардың жаңа медиа – ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру.

2017 жылы «Кітапхана ісінің ардагері» медалімен «Рудныйдың ОКЖ» ММ библиографы Родионова В.В. марапатталды.

2017 жылдың елеулі оқиғаларының бірі «Рудныйдың ОКЖ» Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК өткізілген «Ынтымақ пен бейбітшілік рәміздері» атты облыстық бейнероликтер конкурсынан алған жеңісі болды.

ГРАН – ПРИ «Біздің Республикамыздың асқақ рәміздері» (№ 8 кітапхана филиалы, авторлық ұжым – Ненашева Ю.В., Солонько Н.А.), 1 орын – «Мақтаныш, бейбітшілік,үмітрәміздері» – «Символы гордости, мира, надежды» (Орталық қалалық кітапхана, авторлық ұжым – Базарбаева А.Е.,Городничая С.В., Павлецова Н.В.).

Жеңімпаздарды Рудныйдың ОКЖ Кәсіподақ комитетінің төрайымы Ненашева Ю.В. материалды сыйақымен марапаттады.

Жыл қорытындысы бойынша «Рудныйдың ОКЖ» ММ директоры Александренко Л.А. құрмет грамотасы – Павлецова Н.В., Епихина О.А., Куренова В.В., Жексембаева Б.А., Витошко О.А., Шутылева Н.В., Пономарева Н.А., Кожуховская С.В., алғыс хат – Шевченко А.В., Даушева Б.К. табыс етілді.

Оқуға тарту, кітап құндылығын насихаттау, әдеби мұраларға қызығушылық қалыптастыру кітапхана тапсырмаларының негізгі бөлігі. Кітапханашылардың түрлі ақпарат көздерінен мәліметтер іздеп, пайдаланушыларға жайлы орта ұсынып, мінсіз қызмет ақтаруы осы мақсатқа бағытталған.

Әйтсе де кейбір мәселелер шешусіз қалды. Атап айтар болсақ, ОҚК жинақтау және өңдеу бөлімі мен мемлекеттік кітапханаға арналған ғимарат мәселесі қаралуда.

Светлана Городничая, «РОКЖ» ММ ОҚК әдістемелік – библиографиялық бөлімінің меңгерушісі

Leave a Reply

Яндекс.Метрика