«Аққан жұлдыз»

Отандық әдебиеттің үздік туындыларын насихаттай отырып № 11 үлгілеу кітапхана – филиалы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасының шеңберінде С. Мұқановтың (туғанына 120-жыл) және Ш. Уәлихановтың (туғанына 185-жыл) мерейлі күндеріне «Жалт етіп аққан жұлдыз» онлайн мини-конференцияны дайындады.
Біз жиі өзімізге: «Мен не үшін өмір сүремін, кімге еліктеуім қажет, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтарды қоямыз. Осы және басқа да көптеген сұрақтар кез келген адамды мазалайды. Өмір, кітаптар, телекөрсетілімдер әртүрлі тағдырларды, әртүрлі мінез-құлықты көрсетеді, тек таңдай біл. Талқылау үшін конференцияда Сәбит Мұқановтың «Жалт етіп аққан жұлдыз» «Промелькнувший метеор». Романының басты кейіпкері алынған.
Қазақстан тарихындағы қызықты тұлғалардың бірі – географ, тарихшы, этнограф, фольклоршы және публицист – Шоқан Уәлихановтың тағдыры туралы кітапхананың оқырмандары – Елемес Серікпаев, «Костанай таңы» газетінің арнайы тілшісі; № 1 ОМ оқушылары Татьяна Кальная, Тимур Абауов; № 2 ОМ оқушылары Элиза Абдибекова, Ақтолқын Тұрсыновалар өздерінің ойларын білдірді.
«Отанымыздың тарихында Шоқан Уәлиханов қандай із қалдырды?», «Роман «Жалт етіп аққан жұлдыз» деп неге аталады? және ол фразаны сіз қалай түсінесіз?», «Кітап патриоттық сезімін оята ала ма?» және б. сұрақтарға жауаптар айтылды

Leave a Reply

Яндекс.Метрика