Балалар кітабынының апталығы (26.03.-30.03)

Балалар және жасөспірімдер кітабының 75 жылдық мерейтойына,  «Әлемді кітаппен ашамыз!» балалар оқуы бағдарламасының аясында  Қашар кентіндегі  № 11 кітапхана филиалында «Әсерлер мен кітаптар керуені «Кітаптың туған күнінде!» іс-шаралар циклі өткізілді.

Мақсаты-көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті ояту, оқымысты балаларды ынталандыру.

Апталықты өткізу кезінде жұмыстың түрлі әдістері мен үлгілері пайдаланылды – кітап көрмесі  «Оқу – сегізінші керемет!»( 164 дана кітап ұсынылды, соның ішінде  68 қазақ тілінде),әдеби турнирлер, саяхат және танысу, викториналар, шағын театрландыру көріністері, электронды слайд – тұсаукесерлер, караоке, көркем және  мультипликациялық  фильмдерден үзінді.

Іс-шараны дайындауда кітапхананың белсенді оқырман балалары қатысты: Шевченко Настя, Кондратьева Виолетта, Гизай Кирилл, Кивенко Данил, Хотоленко Виталина, Кетабаева Дана, Фролова Карина, Довбня Настя, Кожемяко Лера. Олардың қатысуымен іс-шарада саханаластырулар қойылып, өлеңдер мен әндер жатталды, костюмдер дайындалды.

Балалар және жасөспірімдер кітабының апталығы мерекесімен  балаларды құттықтауға кітаптар ханшайымы  (Шевченко Настя) келді,ол мерекенің басталғалы тұрғандығын және апталықтың бірінші күнінде  шығармашылық тапсырмаларды орындауға  шақырды: сүйіп оқитын кітабың мен оның кеіпкерлерінің суретін салу.Одан соң балалар қазына іздеуге аттанды және адамдар үшін ең маңызды дүние – кітапханада сақталатынын білді – олар кітаптар, әлемнің сегізінші кереметі.

Оқиғалар күнінде балалар  жазушы – мерейгерлер қызықты романдардың авторларымен танысып, Жюль Верннің 37 параллелі бойынша дүние жүзін айналып саяхат жасады.

Үшінші күн В.П.Крапивиннің шығармашылығына арналды.Балалар мүгедек-балалар тақырыбы қозғалған  «Самолет по имени Сережа» повестінен  үзінді саханаластырды. Повесть барлығына адамдарға көмек көрсетіп, мейірімді, қайырымды болу керек екендігін ұғынуға ықпал етті.

Іс-шара аптаның төртінші күні өткізіліп, «Ертегілер әлемінде!» аталды.Балалар Нильспен  және  жабайы қаздармен бірге болды, Алисамен ғажайыптар әлеміне барды, ертегі қойылымында  Братец Лис  Брат Кроликті қалай ұстап алғысы келгенін тамашалады.

Апталық іс-шараның белсенді қатысушыларымен жас суретшілерді марапаттау салтанатымен аяқталды.

Іс-шараға 185 адам қатысты. Кітапханаға 43 адам жазылды .

275 дана әдебиет берілді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика