Белан оқулары

2017 жылдың  8 қарашасынан бастап, қашарлық жазушы және педагог  И.М. Беланның туған күніне арналып Қашар кентіндегі  № 11 кітапхана филиалында  «Белан оқулары өтеді». 

Дәл осы күні кітапхананың оқу залында Иван Михайловичтің шығармашылығын құрметтейтін  педагогтар, оқушылар, әкім аппаратының өкілдері, жазушының туған-туыстары  және көптеген қашарлықтар  Иван Михайловичтың қызметін еске алды. Кездесу  біздің танымал жерлесіміздің 91 жылдығына  арналып, біздің кентіміздің мәдени өмірінің елеулі оқиғасына айналды!

Дәл осы күні  Иван Михайловичты педагог, талантты жазушы, өлкетанушы және ақын ретінде  еске ала отырып, оның өмірі мен шығармашылығының жарқын сәттері туралы айтылды. Бірақ оның өмірбаяны туралы мәліметтердің ешқайсысы ол жайында шығармалары сияқты айта алмайды.

Қатысушылар назарына 2019 жылы шыға бастағанына 10 жыл болған мерейгер кітаптар: «Адамдар тағдырының шоқжұлдызы» және «Дұрыс таңдау жаса»  ұсынылды.

 «Адамдар тағдырының шоқжұлдызы» атты  Калугина Татьяна Николаевна жазған кітаппенен таныса отырып, қатысушылар облыстағы көптеген атақты адамдар жайында, Фёдоровка ауданы және Қашар кентінің  атақты педагогтарының оқытушылық өмірі жайында білді.

Заманауилықтың басты мәселесі  – жастар мәселелері, өмір жолын  және  дұрыс өмір салтын таңдау.

Иван Михайлович Белан  бұл мәселелерді  «Дұрыс таңдау жаса» кітабына енгізіп, дұрыс шешім қабылдаудың жолдарын ұсынды. Айта кетерлігі, кітаптың шығуы 2009 жылы  «ТМД елдерінде жастар жылы» тұспа тұс келіп, бүгінді күні араға он жыл 2019 жыл  – Қазақстандағы жастар жылында да өз құнын  жойған жоқ.

«Дұрыс таңдау жаса» кітабы – бұл дұрыс жол таңдаудағы  жол көрсететін кітап.

Кездесуде Иван Михайлович Беланның: «Пусть вспомнят с улыбкой»,«Чем плоха наша жизнь», «Мухи в паутине», «Жизнь» өлеңдері, сонымен қатар  «Дұрыс таңдау жаса» кітабынан үзінділер  оқылды.

Иван Михайловичті білетін, оның  шығармаларын сүйіп оқитын жандар, әріптестері  әдемі естеліктерімен  бөлісті.

Жазушының қызы Сиковская Елена Ивановна құрмет белгісі ретінде кітапхананың белсенді оқырмандарына  «Дұрыс таңдау жаса» кітабын сыйға тартты.

Еске алу мультимедиялы таныстырылыммен сүйемелденді, автордың қатысуымен бейнесюжеттер көрсетіліп және  агитбригаданың театрландырылған   «Юношеский манифест»  қойылымы ұсынылды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика