«Жаз, кітап, мен – достар!»

 Барлық жаз бойына  балалар мен жасөспірімдердің  бос уақыттарын  өткізетін  орыны  Қашар кентіндегі №11 кітапхана филиалы болды.

«Жаз, кітап, мен – достар!» –  осындай атаумен  28 тамыз күні  кітапхананың оқу залында  Жазғы оқу бағдарламасының  жабылу салтанаты болып өтіп, оған  тек қана  жас оқырмандар емес  олардың  ата-әжелері, ата аналары да қатысты.

          Іс-шара мақсаты: оқырман қызығушылығын қалыптастыру, кітапты сүйетін және  онымен жұмыс  жасайтын ойламды оқырман тәрбиелеу.

Жазғы оқулар бағдарламасының  ашылуында  «Оқы! Жаз! Суретін сал!»  атты  конкурс  жарияланған болатын (30 дан астам кітап оқу, өзіне ұнаған шығарма жайында пікір жазу, қызықты әңгіме  немесе  ертегі  желісінде  сурет  салу).

Үш ай бойы кітапханашылар мен балалар біргелікте  көптеген жұмыстар  атқарды: кітаптар оқыды, оқырман күнделігі  жүргізілді, сурет  салды, пікір  жазды.

Жазғы оқулар  бағдарламасына 200 ден астам  пайдаланушы  қатысты. Кітапханаға  жаңадан  115  оқырман жазылды.Олардан  18  өзге аймақтардан  немерелері  қонаққа  келген әжелер.

«Оқылған  кітаптар  беттерімен»  суреттер  көрмесі  бастауыш және орта  сынып  балаларына  жағымды көңіл  күй  сыйлады.  Мерекеде балалар сұрақтарға жауап берді, ойнады, биледі, өлең айтты, Дымбілмес жайындағы сахналық көрініс тамашалап, оқымысты  Мысықпен кездесті.      Ең  белсенді қатысып отырған  оқырмандар  «Кітаптар оқырманы» – Гизай Кирилл, жаз мезгілінде 38 кітап оқыған; «Библиомарафонец» – Хасенов Дамир, жаз мезгілінде кітапханаға  46 рет  келген; «Кітаптардаға ғажайыптар» – Слепцов Кирилл, ең жас оқырман, кітапханашыларды  жаз бойына  оқыған кітаптары жайында айтып таңқалдырды; «Вечный двигатель» – Фролова Карина (30 кітап, кітап, бұйым, суретжайында ерекше   пікір иесі) іс-шараға белсенді қатысқандары  үшін  рахмет!

Шығармашылық  конкурстың  барлық  қатысушылар  өз  марапаттауларына   ие  болды!

Leave a Reply

Яндекс.Метрика